Естер 10:1—3

  • Мардохайдың ұлылығы (1—3)

10  Ахашверош патша бүкіл патшалығында — құрлықта және аралдарда — тұратын адамдарды күштеп жұмысқа салды.  Патшаның аса зор әрі құдіретті істері, сондай-ақ өзі мәртебесін жоғарылатқан Мардохайдың+ ұлылығы+ жайлы Мидия мен Персия патшаларының+ тарихы баяндалған кітапта+ егжей-тегжейлі жазылды.  Яһуди Мардохай Ахашверош патшадан кейінгі екінші адам болды. Ол яһудилердің арасында абыройы зор, бауырларына сыйлы кісі еді, сондай-ақ өз халқының қамын жеп, бүкіл келер ұрпақтың мүддесін ойлап жүрді.

Сілтемелер