Естер 3:1—15

  • Патшаның Хаманның мәртебесін биіктетуі (1—4)

  • Хаманның яһудилердің көзін құртуды ойластыруы (5—15)

3  Осыдан соң Ахашверош патша Агагтың+ ұрпағы Хамедат ұлы Хаманның мәртебесін биіктетіп+, оны өзінің қасындағы басқа әміршілердің+ бәрінен жоғарылатты.  Патша сарайының қақпасындағы қызметшілердің бәрі Хаманның алдында тізе бүгіп, жерге бас ұратын, себебі патша осылай етуді әмір еткен еді. Алайда Мардохай оған тізе бүккен де, жерге бас ұрып тағзым еткен де жоқ.  Сонда патшаның сарай қақпасындағы қызметшілері оған: “Сен неге патшаның бұйрығын орындамайсың?”— деді.  Олар мұны күн сайын айтса да, Мардохай оларға құлақ аспады. Содан олар Мардохайдың мұнысына төзер ме екен деген оймен бәрін Хаманға жеткізді+. Мардохай оларға өзінің яһуди екенін айтқан болатын+.  Хаман Мардохайдың тізе бүгіп, жерге бас ұрмағанын көргенде, ашуға булықты+.  Алайда Мардохайдың ғана көзін құрту оған аз болып көрінді, өйткені әлгілер оның қай халықтан екенін айтқан еді. Содан ол Ахашвероштың бүкіл патшалығындағы яһудилердің бәрін, Мардохайдың халқын, жоюдың жолын іздестірді.  Ахашверош патшаның билік құруының он екінші жылының+ бірінші айында, нисан* айында, мұны жүзеге асыруға оңтайлы ай мен күнді анықтау үшін, Хаманның алдында пур, яғни жеребе тасталды+. Жеребе он екінші айға, адар* айына, түсті+.  Хаман Ахашверош патшаға: “Сіздің патшалығыңыздағы бағынышты аймақтардағы+ халықтардың арасына бытырап кеткен бір халық бар+. Олардың заңдары басқалардікінен өзгеше, сондай-ақ патшаның заңдарына мойынсұнбайды. Оларды бұлай қалдырса, патшаның мүддесіне зиян келеді.  Егер патша мақұл көрсе, сол халықты жоюға қатысты жазбаша жарлық шығарса екен. Ал мен патша қазынасына салу үшін қызметкерлерге 10 000 талант* күміс беремін*”,— деді. 10  Сонда патша қолындағы мөрлі жүзігін шешіп+, Агагтың+ ұрпағы Хамедаттың ұлы Хаманға берді+. Ол яһудилердің қас жауы еді. 11  Хаманға патша: “Күмісті де, халықты да саған табыстадым, оларға дұрыс деп тапқаныңды істе”,— деді. 12  Бірінші айдың он үшінші күні патшаның хатшылары+ шақырылды. Сөйтіп, олар Хаманның патша сатраптарына*, аймақ әміршілері мен түрлі халықтардың әкімдеріне арнаған бұйрықтарын әрбір аймаққа өз қарпінде, әрбір халыққа өз тілінде жазды+. Хат Ахашверош патшаның атынан жазылып, патшаның мөрлі жүзігімен бекітілді+. 13  Бұл хаттар патшаға бағынышты аймақтардың бәріне шабармандар арқылы жіберілді. Хатта яһудилердің барлығын: жасын да, кәрісін де, әйелін де, баласын да — бір күннің ішінде, он екінші айдың, яғни адар айының, он үшінші күні қырып-жойып, мал-мүлкін талан-таражға салу туралы бұйрық жазылды+. 14  Сол күнге халықтар дайын болу үшін, бұл жарлықтың көшірмесі әрбір аймаққа заң ретінде жіберіліп, барша жұртқа жариялану керек болды. 15  Патшаның бұйрығымен шабармандар тез аттанып кетті+. Жарлық Сузы+ бекінісінде де жарияланды. Патша мен Хаман шарап ішуге отырды. Ал Сузы қаласының халқы не болғанын түсінбей абыржыды.

Сілтемелер

1 талант 34,2 кг-ға тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Мүмкін: “Мен осы істі жүзеге асыратындар үшін патша қазынасына 10 000 талант күміс беремін”.
Мағынасы “патшалықты қорғаушылар”. Түсіндірмені қараңыз.