Естер 6:1—14

  • Патшаның Мардохайға сый-сияпат көрсетуі (1—14)

6  Сол түні патшаның ұйқысы қашты. Ол жылнама кітабын+ алдыртып, дауыстап оқытты.  Оқу барысында Ахашверош патшаны өлтіруді ойластырған екі сарай қызметкерінің, Бектан мен Тереш деген қақпа күзетшілерінің, қаскүнемдігін Мардохайдың қалай әшкере еткені белгілі болды+.  Сонда патша: “Осы үшін Мардохайға қандай құрмет пен сый-сыяпат көрсетілді?”— деп сұрады. Патшаның жеке қызметшілері: “Оған ештеңе көрсетілген жоқ”,— деп жауап берді.  Кейінірек патша: “Аулада кім бар?”— деп сұрады. Сол кезде патша сарайының сыртқы ауласында Хаман тұрған еді+. Ол патшаға өзі дайындаған бөренеге Мардохайды ілу жайлы айтуға келген болатын+.  Қызметшілері патшаға: “Аулада Хаман+ тұр”,— деп айтты. Патша: “Кірсін!” — деді.  Хаман ішке кіргенде, патша одан: “Патша құрмет көрсеткісі келген адамға не істелу керек?”— деп сұрады. Сонда Хаман ішінен: “Патша менен басқа кімге құрмет көрсетер дейсің?!”— деп ойлады+.  Сөйтіп, патшаға былай деді: “Патша құрмет көрсеткісі келген адамға былай істелінсін:  патшаның сәнді киімі+ және басына патша әшекейі кигізілген тұлпары әкелінсін де,  олар патшаның беделді әміршілерінің біріне берілсін. Содан қызметшілер патша құрмет көрсеткісі келген адамға әлгі киімді кигізіп, тұлпарға мінгізіп, қала алаңымен жетелеп алып жүрсін. Сондай-ақ оның алдында жүріп: —Патша құрмет көрсеткісі келген адамға осылай жасалады!— деп жар салсын+”. 10  Сонда патша Хаманға: “Онда тездет, сәнді киім мен тұлпарды алып, патша сарайының қақпасының алдында отырған Мардохайға осы айтқандарыңның бәрін жаса, бірде-біреуін қалдырма”,— деп тапсырды. 11  Хаман сәнді киім мен тұлпарды әкелді де, Мардохайдың+ үстіне киімді кигізіп, тұлпарға мінгізіп, қала алаңымен жетелеп алып жүрді. Сондай-ақ алдында жүріп: “Патша құрмет көрсеткісі келген адамға осылай жасалады!”— деп жар салды. 12  Бұдан кейін Мардохай патшаның қақпасына қайтып келді. Ал Хаман қайғырып, басын бүркеп алып, асығыс үйіне кетті. 13  Ол әйелі Зереш+ пен достарына өзімен болған жайтты баяндап берді. Сонда ақылгөйлері мен әйелі Зереш оған: “Сенен жоғарылай бастаған Мардохай яһуди тұқымынан болса, онда сен оны жеңе алмайсың, оның алдында сөзсіз құлайсың!”— деді. 14  Олар әлі сөйлесіп тұрғанда, патшаның сарай қызметкерлері келіп, Хаманды асықтырып, Естердің дайындаған қонақасына алып кетті+.

Сілтемелер