Ешуа 14:1—15
14 Ал Қанахан жерінде исраилдіктердің мұралы иеліктерін діни қызметкер Елазар, Нұн ұлы Ешуа және Исраил руларының әулетбасылары берді+.
2 Олардың мұралы иеліктері Мұса арқылы Ехоба бұйырғандай, жеребе+ арқылы тоғыз ру мен жарты руға бөлінді+.
3 Өйткені Мұса Исраилдің қалған екі руы мен жарты руына Иорданның арғы бетінен* мұралы иеліктерін беріп қойған еді+. Ал леуіліктерге халық арасынан мұралы иелік бермеді+.
4 Жүсіптің ұрпақтары Манаса мен Ефрем+ екі ру деп есептелетін+. Ал леуіліктерге бұл жерден үлес берілмеді, тек ұсақ және ірі мал ұстайтын жайылымдары бар қалалар+ берілді+.
5 Осылайша Ехобаның Мұсаға берген бұйрығына сай, исраилдіктер жерді бөліп алды.
6 Бұдан кейін Ғылғалдағы+ Ешуаға яһуда руының адамдары келді де, кеназдық Епунех ұлы Халеп+ оған былай деді: “Ехобаның Қадеш-Барнида+ қызметшісі Мұсаға+ екеуміз жайлы не дегенін өзің жақсы білесің+.
7 Ехобаның қызметшісі Мұса 40 жасымда мені Қадеш-Барнидан осы жерді барлауға жіберді+. Қайтып келген соң, мен ештеңе жасырмай, көргенімнің бәрін оған айтып бердім+.
8 Менімен бірге барып келген бауырларым халықты қорқытып, зәресін ұшырды, ал мен Құдайым Ехобаға толық мойынсұндым+.
9 Сол күні Мұса маған “Құдайым Ехобаға толық мойынсұнғаның үшін, аяғың басып келген жер мәңгіге сенің және ұлдарыңның мұралы иелігіне айналады”+ деп ант еткен еді.
10 Ехоба Мұсаға уәде берген+ кезден бері, исраилдіктер шөл далада жүрген+ 45 жыл бойы Ехоба мені аман сақтап келді+. Міне, енді жасым 85-ке келсе де, әлі алдарыңда жүрмін.
11 Мұса барлауға жіберген кездегідей, қуатым әлі де бойымда. Сол кездегідей қазір де қажыр-қайратым соғысуға да, басқа істерге де жетеді.
12 Сондықтан Ехоба сол күні уәде еткен таулы өңірді маған бер. Ол жерде үлкен әрі бекіністі қалалары бар+ енактар тұратынын+ сол күні өзің естіген едің. Бірақ Ехоба уәде еткендей, олардың жерін жаулап алуым+ үшін Ехобаның өзі маған жар болады+”.
13 Сонда Ешуа Епунех ұлы Халепке батасын берді де, Хеброн Халептің мұралы иелігіне өтті+.
14 Содан бері Хеброн кеназдық Епунех ұлы Халептің мұралы иелігі болып келеді, өйткені ол Исраил Құдайы Ехобаға толық мойынсұнды+.
15 Хебронның бұрынғы атауы Кирият-Арба+ болатын (Арба енактар арасындағы ең беделді адам еді). Содан бұл жер соғыстан тыным тапты+.
Сілтемелер
^ Яғни шығысынан.