Жохан 17:1—26
17 Осыларды айтқан соң, Иса көкке қарап былай деді: “Әке, уақыт келді. Ұлың сені даңқтау үшін, өзің де ұлыңды даңқтай көр+.
2 Себебі ол өзіне тапсырғандарыңның бәріне+ мәңгілік өмір берсін деп+, сен оған күллі адамзаттың үстінен билік бердің+.
3 Мәңгілік өмірге ие болу үшін+ сені, жалғыз шынайы Құдайды, және өзің жіберген Иса Мәсіхті танып-білу керек*+.
4 Маған тапсырған ісіңді аяқтап+, жер бетінде сені даңқтадым+.
5 Енді, Әке, дүние жаратылмай тұрып қасыңда болғанымда бөленген даңққа мені қайтадан бөлей көр+.
6 Осы дүниеден таңдап, маған берген адамдарыңа есіміңді аштым+. Олар сенікі еді, маған бердің. Олар сөзіңді орындап жүр.
7 Енді олар маған бергеніңнің бәрі сенікі екенін біледі.
8 Өйткені маған айтқандарыңды соларға айттым+, олар оны қабыл алды. Өкілің ретінде келгенімді шынымен түсініп+, мені өзің жібергеніңе сенді+.
9 Мен солар үшін сұрап тұрмын. Осы дүние үшін емес, өзің маған берген адамдар үшін өтініп тұрмын, себебі олар сенікі.
10 Менікінің бәрі — сенікі, ал сенікінің бәрі — менікі+. Мен олардың арасында даңққа бөлендім.
11 Мен осы дүниеден кетіп, саған бара жатырмын, бірақ олар осы дүниеде қалады+. Киелі Әке, маған берген өз есімің үшін оларды қорғай көр+. Осылай екеуміздің бірлікте* екеніміздей, олар да бірлікте* болсын+.
12 Қастарында болғанымда, маған берген өз есімің үшін оларды қорғап жүрдім+. Мен оларды аман сақтап, Киелі жазбада айтылғандар орындалу үшін+, жойылуы тиіс адамнан басқа+ ешқайсысын жоғалтқан жоқпын+.
13 Ал енді саған бара жатырмын. Олар менің қуанышымды толықтай сезіну үшін, бұларды әлі де осы дүниеде болғанымда айтып тұрмын+.
14 Мен оларға сенің сөзіңді жеткіздім. Осы дүние оларды жек көреді, өйткені менің осы дүниелік еместігім сияқты, олар да осы дүниелік емес+.
15 Оларды осы дүниеден алып кет деп емес, Зұлымнан* қорғай көр деп сұраймын+.
16 Менің осы дүниелік еместігім сияқты+, олар да осы дүниелік емес+.
17 Оларды шындығың арқылы қасиетті ете көр+. Сенің сөзің — шындық+.
18 Мені осы дүниеге жібергеніңдей, мен де оларды осы дүниеге жібердім+.
19 Олар да шындығың арқылы қасиетті болсын деп, солар үшін қасиетті болып жүрмін.
20 Олар үшін ғана емес, солардың сөзі арқылы маған сенетіндер үшін де өтінемін:
21 барлығы бірлікте болсын+. Әке, сенің менімен, менің сенімен бірлікте болғанымдай+, бұлар да бізбен бірлікте болсын. Осылай осы дүние мені өзің жібергеніңе сенсін.
22 Біз сияқты бірлікте* болсын деп+, мен оларды өзің мені бөлеген даңққа бөледім.
23 Мен олармен, ал сен менімен бірліктесің. Осылайша мені өзің жібергеніңді және мені қалай сүйсең, оларды да солай сүйетініңді осы дүние білу үшін, олар толықтай бірлікте болсын.
24 Әке, маған берген адамдарың мен болатын жерде болып+, маған берген ұлылығыңды көрсе екен деймін. Өйткені сен мені дүниенің негізі қаланбай* тұрып сүйдің+.
25 Әділетті Әке, осы дүние сені білмейді+, ал мен білемін+. Бұлар да мені өзің жібергеніңді біледі.
26 Сен мені қалай сүйсең, бұлар да өзгелерді солай сүю үшін әрі олармен бірлікте болуым үшін+, оларға есіміңді аштым және аша беремін+”.
Сілтемелер
^ Немесе “білім ала беру керек”.
^ Сөзбе-сөз “бір”.
^ Сөзбе-сөз “бір”.
^ Яғни Шайтаннан.
^ Сөзбе-сөз “бір”.
^ Бұл Адам ата мен Хауа ананың балалары туылған кезге нұсқайды.