Зәбүр 129:1—8

  • Шабуылдаса да, жеңе алмайды

    • Сионды жек көретіндер ұятқа қалады (5)

Қалаға өрлеп бара жатқанда айтылатын ән. 129  “Жастайымнан олар маған шабуылдады...”+ Исраил маған қосылып былай десін:   “Жастайымнан олар маған шабуылдады+,Әйтсе де мені жеңе алмады+.   Соқашылар арқамды жердей жыртты+,Ұзыннан-ұзақ атыз тартты”.   Алайда Ехоба әділ+,Ол зұлымдар байлаған арқандарды кесіп тастады+.   Сионды жек көретіндердің барлығы ұятқа қалады,Кері шегініп, масқара болады+.   Олар жұлынбай жатып-ақ қурап қалатынҮй төбесінде өскен шөп сияқты болады.   Орақшы оны орып әуре болмайды,Оған бау байлаушының құшағы да толмайды.   Жолшыбай өтіп бара жатқандар оған: “Сендерге Ехобаның батасы қонсын,Ехобаның атымен сендерге бата тілейміз!”— деп бата бермейді.

Сілтемелер