Зәбүр 135:1—21

  • Ұлылығы үшін Ехобаны мадақтаңдар

    • Мысырға қарсы белгілер мен кереметтер жіберу (8, 9)

    • “Сенің есімің мәңгі қалады” (13)

    • Жансыз пұттар (15—18)

135  Ехобаны* мадақтаңдар! Ехобаның есімін мадақтаңдар,Ехобаны мадақтаңдар, оның қызметшілері+,   Ехобаның үйінде,Құдайымыздың үйінің аулаларында тұрғандар, оны мадақтаңдар+!   Ехобаны* мадақтаңдар, өйткені Ехоба ізгі+. Есімін ән-күймен мадақтаңдар, өйткені бұл жанға жағымды.   Ехоба* Жақыпты қызметшісі етіп,Исраилді ерекше меншігі етіп таңдады+.   Мен білемін, Ехоба ұлы,Иеміз құдай атаулының бәрінен жоғары+.   Ехоба көк пен жерде, теңіздер мен су тұңғиықтарындаӨзі қалағандардың бәрін жасады+.   Ол жердің шет-шетінен бұлттарды көтереді,Жаңбыр жаудырып, найзағай ойнатады*,Қоймаларынан желді алып шығады+.   Ол Мысырдағы адам мен малдыңТұңғыштарына өлім құштырды+.   Ей, Мысыр, перғауын мен оның күллі қызметшілері+,Ол саған қарсы белгілер мен кереметтер жіберді+. 10  Ол көптеген ұлттардың көзін құртты+,Күшті патшаларды өлтірді+: 11  Амор патшасы Сихонды+,Башан патшасы Огты да құртты+,Қанаханның бар патшалығын да жеңді. 12  Ал жерлерін мұралы иелік ретіндеХалқы Исраилдің меншігіне берді+. 13  Уа, Ехоба, сенің есімің мәңгі қалады,Уа, Ехоба, даңқың ұрпақтан ұрпаққа жайылады+. 14  Ехоба өз халқын қорғайды+,Қызметшілерін мүсіркеп аяйды+. 15  Өзге ұлттардың пұттары адам қолымен жасалған алтын мен күміс қана+. 16  Олардың ауыздары бар, бірақ сөйлей алмайды+,Көздері бар, бірақ көре алмайды. 17  Құлақтары бар, бірақ ести алмайды,Ауыздарынан дем де шықпайды+. 18  Осындай пұттарды жасайтындар да,Оларға арқа сүйейтіндер де дәл солар сияқты болады+. 19  Ей, Исраил үйі, Ехобаны мадақта,Харон үйі, Ехобаны мадақта! 20  Ей, Леуі үйі, Ехобаны мадақта+,Ехобадан қорқатындар, Ехобаны мадақтаңдар! 21  Ехоба Сионнан мадақталсын+,Иерусалимде мекендейтін ол+ мадақталсын! Ехобаны* мадақтаңдар+!

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
Мүмкін: “Жаңбырдың қақпаларын ашады”.
Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.