Зәбүр 142:1—7

  • Қудалаушылардан қорғауын сұрап дұға ету

    • “Қашып тығылар жер қалмады” (4)

    • “Сен жалғыз үмітімсің” (5)

Маскил*. Дәуіттің үңгірде болғанда айтқан дұғасы+. 142  Ехобаны дауыстап көмекке шақырдым+,Ықыласын түсіруін сұрап, Ехобаға жалындым.   Бар уайымымды ақтардым,Бар қасіретімді соған айттым+,   Жігерім* жасығанда осылай еттім. Сонда сен жолымды қадағаладың+. Жауларым жүретін жолыма тұзақ құрды.   Оң жағыма қарашы,Мені ойлайтын ешкім жоқ екенін көресің+. Мен үшін қашып тығылар жер қалмады+;Ешкім қамымды ойламайды.   Уа, Ехоба, өзіңді көмекке шақырамын. “Сен менің панамсың+,Тірілер жеріндегі жалғыз үлесімсің”,— деймін.   Көмек сұрап жалбарынған үніме ден қойшы,Өйткені мен әбден қалжырадым. Қудалаушыларымнан мені құтқаршы+,Өйткені олар менен күшті.   Мені зынданнан алып шықшы,Есіміңді мадақтайын. Айналама әділдер жиналсыншы,Себебі сен маған мейіріміңді түсірдің.

Сілтемелер

Немесе “Рухым”.