Зәбүр 147:1—20

  • Сүйіспеншілікке толы, құдіретті істері үшін Құдайды мадақтау

    • Ол жүрегі жаралы жандарды сауықтырады (3)

    • Жұлдыздардың әрқайсысын атымен атайды (4)

    • Жерге аппақ жүндей қар жаудырады (16)

147  Ехобаны* мадақтаңдар! Құдайымызға мадақ әнін айтқан қандай жақсы! Оны мадақтау жағымды, әрі ол бұған лайықты+.   Ехоба Иерусалимді қайта тұрғызып жатыр+,Ол Исраилдің бытырап кеткен тұрғындарын жинайды+.   Жүрегі жаралы жандарды сауықтырады,Жараларын байлап таңады.   Ол жұлдыздарды санайды,Әрқайсысын атымен атайды+.   Жаратқан Иеміз ұлы әрі аса құдіретті+,Оның түсінігі түпсіз терең+.   Ехоба момындарды жоғарылатады+,Ал зұлымдарды жерге құлатады.   Ехобаға ризашылық әнін айтыңдар,Құдайымызға арфамен мадақ әнін шырқаңдар.   Ол көкті бұлттармен жабады,Жерге жаңбыр жаудырады+,Тауларда көк шөп қаулатады+.   Жануарларға да,Қарғаның ашыққан балапандарына да азық береді+. 10  Ол тұлпардың күшіне таңғалмайды+,Адамның жүйріктігіне де сүйсіне қарамайды+. 11  Ехобаға өзінен қорқатындар+,Айнымас сүйіспеншілігіне үміт артатындар ұнайды+. 12  Уа, Иерусалим, Ехобаны даңқта! Уа, Сион, Құдайыңды мадақта! 13  Ол қақпаларыңның ысырмаларын берік қылады,Балаларыңа бата жаудырады. 14  Жеріңе тыныштық сыйлайды+,Сені таңдаулы бидаймен тойындырады+. 15  Жер бетіне бұйрығын жолдайды,Оның сөзі лезде тарайды. 16  Жерге аппақ жүндей қар түсіреді+,Қырауды күлдей шашып жібереді+. 17  Бұршақты моншақтай жерге шашады+. Жіберген аязына кім шыдай алады+? 18  Ол бұйрығын жіберсе, мұз ериді. Жел соқтырса+, су ағады. 19  Құдай сөзін Жақыпқа жария етеді,Нұсқаулары мен үкімдерін Исраилге жеткізеді+. 20  Мұны ол өзге халықтың ешқайсысына істеген емес+. Өзге халықтар оның үкімдерін мүлдем білмейді. Ехобаны* мадақтаңдар+!

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.