Зәбүр 150:1—6

  • Тіршілік лебі барлардың бәрі Ехобаны мадақтасын

    • Ехобаны мадақтаңдар! (1, 6)

150  Ехобаны* мадақтаңдар+! Қасиетті орнынан Құдайды мадақтаңдар+. Күшін паш ететін әуе күмбезінің астында оны мадақтаңдар+.   Құдіретті істері үшін оны мадақтаңдар+,Аса зор ұлылығы үшін мадақтаңдар+.   Оны керней үнімен мадақтаңдар+,Ішекті аспаппен, арфамен мадақтаңдар+.   Даңғырамен мадақтаңдар+, дөңгелене билеп мадақтаңдар. Ішекті аспаптармен+, сыбызғымен мадақтаңдар+.   Оны жез табақшалардың сыңғырымен мадақтаңдар,Жез табақшалардың шыңылымен мадақтаңдар+.   Тіршілік иелерінің бәрі де Ехобаны* мадақтаңдар! Ехобаны* мадақтаңдар+!

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.