Зәбүр 29:1—11
Дәуіттің жыры.
29 Ей, мықтылардың ұлдары, Ехобаға тиістісін беріңдер,Салтанаты мен құдіреті үшін, Ехобаға тиістісін беріңдер+!
2 Ехобаны есіміне лайық дәріптеңдер!
Киелі сән-салтанатпен* Ехобаға бас иіңдер!
3 Ехобаның даусы сулар үстінен естіледі,Даңқты Құдай күн күркіретеді+.
Ехоба мол сулардың үстінде тұрады+.
4 Ехобаның даусы айрықша зор+,Ехобаның даусы керемет айбынды.
5 Ехобаның даусы қарағайларды сындырады,Иә, Ехоба Ливан қарағайларын тас-талқан қылады+.
6 Ол Ливанды* торпақтай,Сирионды+ жас бұқадай секіртеді.
7 Ехобаның даусы от шашып жарқылдайды+.
8 Ехобаның даусы шөл даланы сілкіндіреді+,Ехоба Қадеш шөлін+ сілкіндіреді.
9 Ехобаның даусы маралды діріл қақтырады, төлдетеді,Орманды тып-типыл етіп жалаңаштайды+.
Оның ғибадатханасындағылардың бәрі “Ұлылық!” деп дауыстайды.
10 Ехоба су тасқынының* үстінде тақта отырады+,Ехоба Патша тақта мәңгі отырады+.
11 Ехоба өз халқына күш дарытады+,Ехоба халқына тыныштық сыйлап батасын жаудырады+.
Сілтемелер
^ Мүмкін: “Киелілігі салтанатты болғаны үшін”.
^ Ливан тау жотасы болса керек.
^ Немесе “көк теңізінің”.