Зәбүр 33:1—22
33 Әділдер, Ехобаның игі істері үшін шаттана дауыстаңдар+!
Оны әділ адамдардың мадақтағаны орынды.
2 Арфамен Ехобаға алғыс айтыңдар,Он ішекті аспаппен оған мадақ әнін арнаңдар.
3 Оған жаңа ән айтыңдар+,Аспапты мәнерлей шертіп, қуанышпен дауыстаңдар.
4 Өйткені Ехобаның сөзі — шындық+,Барлық істеген істері сенім артуға тұрарлық.
5 Ол әділдік пен әділеттілікті сүйеді+;Жер беті Ехобаның айнымас сүйіспеншілігіне толы+.
6 Ехобаның сөзімен көк жаратылды+,Аузының лебімен ондағының бәрі* пайда болды.
7 Ол бөгет қойғандай, теңіз суларын жинайды+,Шапшыған суларды қоймаға жиып қояды.
8 Күллі жер Ехобадан қорықсын+,Жердің тұрғындары оны қастерлесін.
9 Себебі ол айтып еді, жүзеге асты+;Бұйырып еді, бұлжымай орындалды+.
10 Ехоба халықтардың арам пиғылын жоққа шығарады+,Олардың жоспарларын бұзады+.
11 Ехобаның шешімдері болса мәңгі тұрады+,Жүрегіндегі ойлары ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.
12 Ехоба қай халықтың Құдайы болса,Кімді меншікті иелігі етіп таңдаса, сол халық бақытты+.
13 Ехоба көктен төмен қарайды да,Күллі адамзатты көреді+.
14 Өзінің тұрағынан жердің күллі тұрғындарына көз жүгіртеді.
15 Ол адам атаулының жүрегін қалыптастырды;Барлық істерін тексереді+.
16 Патшаны қалың әскері құтқармайды+,Жауынгерді де зор күші сақтамайды+.
17 Тұлпарым құтқарады деп сенген кісі өзін алдайды+,Оның ерен күшімен де ол құтыла алмайды.
18 Міне, Ехоба өзінен қорқатындарға,Айнымас сүйіспеншілігіне үміт артатындарға назарын тігеді+.
19 Мұны оларды өлімнен құтқару үшін,Аштық кезінде аман сақтау үшін істейді+.
20 Біз Ехобаны күтудеміз,Ол біздің көмекшіміз әрі қалқанымыз+.
21 Оны ойлап жүрегіміз қуанышқа толады,Себебі киелі есіміне арқа сүйейміз+.
22 Уа, Ехоба, біз сені күтуден талмаймыз+,Айнымас сүйіспеншілігің бізбен бірге болсын+.
Сілтемелер
^ Сөзбе-сөз “оның бар әскері”.