Зәбүр 42:1—11
Ән-күй жетекшісіне. Қорах ұлдарының+ маскилі*.
42 Маралдың ағын суды аңсайтынындай,Мен де сені аңсаймын, уа, Құдайым.
2 Құдайыма қашан барып, қашан алдында тұрар екенмін+?
Уа, Құдайым, тірі Құдай, мен өзіңді аңсап шөліркеймін+.
3 Көл болған көз жасым күндіз-түні ішер асыма айналды.
Күнұзаққа жұрт маған: “Құдайың қайда?”— деп тілдерін безейді+.
4 Мына жайттар есіме түскенде, көңілім толқып кетеді*:
Қалың жұрт арасында жүргенімде,Аяңдап басып, оларды Құдай үйіне бастап апарушы ем,Сонда мен қуаныш пен ризалық үнін,Мейрамдап жатқан жұрттың даусын естуші ем+.
5 Жаным, неге түңілесің+?
Көңілім, неге сонша алай-түлей боласың?
Құдайды күт+,Себебі мен Ұлы құтқарушымды әлі де мадақтайтын боламын+.
6 Уа, Құдайым, үмітім үзіліп, түңілдім+.
Сондықтан Иордан өзені ағып жатқан жерде, Хермон шыңында,Мизар тауында сені еске аламын+.
7 Сарқырамаңның гүрілі естілгенде,Тасқын тасқынға ұласады.
Бірін-бірі қуалаған алып толқындарың мені басып қалды+.
8 Күндіз Ехоба маған айнымас сүйіспеншілігін сыйлайды;Түнде Құдайымды әнге қосамын,Өмір берген Құдайыма дұғамды бағыштаймын+.
9 Жартасым болған Құдайымнан:
“Неге мені ұмыттың+?
Неге мен жауымнан қысым көріп, мұңайып жүруім керек?”— деп сұраймын+.
10 Дұшпандарым жауыздықпен* мені мазақ етеді,Күнұзаққа маған: “Құдайың қайда?”— деп тілдерін безейді+.
11 Жаным, неге түңілесің?
Көңілім, неге сонша алай-түлей боласың?
Құдайды күт+,Себебі мен Ұлы құтқарушымды әрі Құдайымды әлі де мадақтайтын боламын+.
Сілтемелер
^ Түсіндірмені қараңыз.
^ Немесе “Жаным судай төгіледі”.
^ Мүмкін: “сүйектерімді сындырып жатқандай”.