Зәбүр 53:1—6

  • Ақымақтардың сипаттамасы

    • “Ехоба жоқ” (1)

    • “Жақсылық жасайтын ешкім жоқ” (3)

Ән-күй жетекшісіне. Махалат* мәнерінде айтылуға арналған. Маскил*. Дәуіттің жыры. 53  Ақымақ адамдар іштей: “Ехоба жоқ!”— дейді+. Олардың әділетсіз істері бұзық әрі жеркенішті;Жақсылық жасайтын ешкім жоқ+.   Құдай көктен адамзатқа қарайды+,Ехоба өзін іздейтін түсінігі бар адамды көруді қалайды+.   Бәрі теріс жолға түсіп,Бірі қалмай бұзылып кетті. Жақсылық жасайтын ешкім жоқ,Тіпті біреуі де жоқ+.   Зұлымдық жасайтындар шынымен түсінбей ме?! Олар халқымды нан жегендей жалмайды,Өздері Ехобаға дұға айтпайды+.   Бірақ олардың бойын қатты үрей,Бұрын-соңды сезініп көрмеген үрей билейді*;Өйткені Құдай саған шабуылдайтындардың сүйегін шашып тастайды. Сен оларды масқара қыласың, себебі Ехоба олардан бас тартты.   Исраилге құтқарылу Сионнан келсе ғой+! Ехоба тұтқындағы халқын қайта жинағанда,Жақып қуанып, Исраил шаттанса ғой!

Сілтемелер

Мүмкін: “Үрейленбейтін нәрседен үрейленеді”.