Зәбүр 58:1—11
-
Жерді соттайтын Құдай бар
-
Зұлымды жазалауын сұрап дұға ету (6—8)
-
Ән-күй жетекшісіне. “Құрта көрме” әуенімен айтуға арналған Дәуіттің жыры. Михтам*.
58 Ей, адамдар, үндемесеңдер, әділдік жайлы айта аласыңдар ма+?
Әділ сот жүргізе аласыңдар ма+?
2 Жоқ, қайта, жүректерің әділетсіздік ойластырады+,Ел арасында қолдарың зорлық жасайды+!
3 Зұлымдар құрсақта жатып-ақ бұзылады,Туыла сала адасады, өтірік айтады.
4 Олардың айтқан сөздері жыланның уындай+;Олар құлағы бітеу кобра сияқты саңырау.
5 Арбаушының, тіпті ең шеберінің де, даусын естімейтін саңырау кобраға ұқсайды.
6 Уа, Құдай, олардың тістерін қағып алшы!
Уа, Ехоба, сол абдан арыстандардың жағын сындыршы!
7 Олар ағып кеткен судай ғайып болса екен,Құдай садағын иіп, оларды жебелерімен сұлатса екен.
8 Олар кеуіп кеткен ұлудай болсын;Өлі туған шаранадай күннің көзін көрмей кетсін.
9 Қазандарың тікенді бұтаның отын сезіп үлгермей жатып,Құдай шыбықтарыңның дымқылын да, жанып жатқанын да боранды желмен ұшырғандай алып кетеді+.
10 Әділ жан кек алынғанын көріп қуанады+.
Зұлымның төгілген қанына аяғын малады+.
11 Сонда жұрт: “Расында да, әділ жан қарымтасын алады екен+,Жер бетіне сот жүргізетін Құдай бар екен!”— дейтін болады+.
Сілтемелер
^ Түсіндірмені қараңыз.