Зәбүр 7:1—17
-
Ехоба — әділ Төреші
-
“Уа, Ехоба, мінсіздігіме қарай сотташы” (8)
-
Бенияминдік Құштың сөздеріне қатысты Дәуіттің Ехобаға айтқан жоқтауы*.
7 Уа, Ехоба Құдайым, өзіңді паналаймын+,Күллі қудалаушыларымнан қорғап, құтқара көр+!
2 Әйтпесе олар мені арыстандай паршалайды+,Алып кетеді де, құтқаратын ешкім болмайды.
3 Уа, Ехоба Құдайым, егер біреуге жамандық жасасам,Әділетсіздікке барып,
4 Жақсылық жасағанға жамандықпен қайтарсам+,Не жауымды еш себепсіз талан-таражға салсам*,
5 Дұшпаным өкшелей қуып, жанымды уысына түсірсін,Мені* жерге тастап, таптасын,Абыройдан жұрдай қылсын. (Села)
6 Уа, Ехоба, қаһарлана көтерілші!
Жауларымның ашуына қарсы шықшы+,Мен үшін оянып, әділдік орнауын талап етші+.
7 Халықтар айналаңа жиналсын,Сен оларды тағыңда отырып соттайсың.
8 Халықтарға үкімді Ехоба шығарады+.
Уа, Ехоба, мені әділдігім мен мінсіздігіме қарай сотташы+.
9 Зұлымның сұмдығын тоқтатшы,Ал әділді аман сақтай көрші+.
Өйткені сен адамның жүрегі мен көңіл түбіндегі ой-сезімін* тексеретін+ әділ Құдайсың+.
10 Құдай — менің қалқаным+, ақжүрек жандардың Құтқарушысы+.
11 Құдай — әділ Төреші+,Ол үкімдерін күн сайын жария етеді.
12 Егер біреу өкінбесе+, ол семсерін қайрайды+,Садағын керіп, дайындайды+.
13 Жойқын қару-жарағын қамдайды,Отты жебелерін де әзір ұстайды+.
14 Міне, әлдекім зұлымдыққа жүкті болады,Бойына жамандық бітіп, ол өтірік туады+.
15 Ор қазып, оны тереңдетеді,Бірақ қазған орына өзі түседі+.
16 Ойлаған жамандығы өз басына келеді+,Жауыздығы қара басына көрінеді.
17 Мен әділдігі үшін Ехобаны даңқтаймын+,Құдай Тағала+ Ехобаның есімін мадақтап жырлаймын+.
Сілтемелер
^ Немесе “азалы әні”.
^ Мүмкін: “Ал еш себепсіз маған қарсы шыққан адамды кешірсем”.
^ Сөзбе-сөз “өмірімді”.
^ Сөзбе-сөз “бүйрегін”.