Зәбүр 75:1—10
-
Құдай адал соттайды
-
Зұлымдар Ехобаның тостағанынан ішеді (8)
-
Ән-күй жетекшісіне. “Құрта көрме” әуенімен айтуға арналған Асаптың+ жыры. Ән.
75 Саған алғыс айтамыз, уа, Құдай, саған алғыс айтамыз;Сен бізбен біргесің+,Жұрт керемет істеріңді жариялайды.
2 Сен былай дейсің: “Сот жүргізуді шешсем,
Мен оны әділ жүргіземін.
3 Жер мен оның тұрғындарының бәрі аласапыранға түскенде,Оның тіректерін берік еткен мен едім”. (Села)
4 Мақтаншаққа: “Бөспе!”— дедім,Зұлымға мынаны айттым: “Мықтымын деп көпірме!
5 Аса мықтымын деп көпірме,Паңданып та сөйлеме.
6 Өйткені ұлылық шығыстан да, батыстан да, оңтүстіктен де келмейді.
7 Себебі Құдай — Төреші+.
Ол біреуді төмендетеді, ал өзге біреуді жоғарылатады+.
8 Ехобаның қолында көбіктенген,Әбден ашыған шарап құйылған тостаған бар+.
Ол оны міндетті түрде төгеді,Жердегі зұлым атаулы оны түбіне дейін сарқып ішеді+”.
9 Ал мен осы жайлы мәңгі бақи жариялаймын,Жақыптың Құдайына мадақ әнін шырқаймын.
10 Себебі Құдай былай дейді: “Зұлымдарды бар күшінен* айырамын,Ал әділдердің күшін арттырамын”.
Сілтемелер
^ Сөзбе-сөз “мүйіздерінен”.