Зәбүр 77:1—20

  • Қиын шақта дұға ету

    • Құдай істері жайлы ойлану (11, 12)

    • “Өзіңдей ұлы құдай бар ма, уа, Құдай?” (13)

Ән-күй жетекшісіне. Едутун*. Асаптың+ жыры. 77  Құдайға дауыстап жалбарынамын,Құдайыма жалынамын, ол маған құлақ түреді+.   Қиналған шақтарымда мен Ехобаны іздедім+,Түнде көкке қолымды жайып, үздіксіз сиындым. Жаным еш жұбана алмайды.   Құдайды есіме алғанымда, аһ ұрамын+,Аласұрып, қауқарымнан айырыламын+. (Села)   Сен маған кірпік қақтырмадың,Қатты абыржып, сөйлей де алмадым.   Мен ежелгі заман жөнінде,Алыстағы жылдар жөнінде ойланамын+.   Түнде әнімді еске аламын+,Жүрегімде ойланып-толғанамын+,Мұқият зерттеп, ізденемін.   Ехобаның бізді мәңгіге тастап кеткені ме+? Енді қайтып бізге ықыласын түсірмей ме+?   Айнымас сүйіспеншілігінің мәңгіге құрып кеткені ме? Оның уәдесі мәңгі бақи жүзеге аспай қала ма?   Құдайдың ықылас танытуды ұмытқаны ма+? Әлде мейірімін қаһарының басып тастағаны ма? (Села) 10  “Мені мазалайтын мынау+Құдай Тағала бізді қолдауын қойды”,— дей бермекпін бе? 11  Мен Ехобаның* істерін есіме аламын,Ежелде жасаған керемет істеріңді есіме аламын. 12  Сенің бар әрекеттерің жайлы ойланамын,Істерің жайлы толғанамын+. 13  Уа, Құдай, сенің жолдарың қасиетті. Өзіңдей ұлы құдай бар ма, уа, Құдай+? 14  Сен керемет істер жасайтын шынайы Құдайсың+. Күш-қуатыңды адамдарға паш еттің+. 15  Құдіретті күшіңмен өз халқыңды,Жақып пен Жүсіптің ұлдарының құнын өтеп алдың+. (Села) 16  Сені сулар көрді, уа, Құдай,Сулар сені көрді де, мазалары қашты+,Терең сулар да толқыды. 17  Бұлттардан жаңбыр жауды;Бұлтты аспан күркіреді де,Жебелерің жан-жақтан ұшты+. 18  Күркіріңнің даусы+ соғыс арбасының дөңгелектеріндей сатырлады. Найзағай ойнап, жер бетін жарқыратты+;Жер шайқалып, дірілдеді+. 19  Сенің жолың теңіз арқылы,Көп сулар арқылы өтті+;Сөйтсе де іздерің көрінбеді. 20  Сен халқыңды отардай алып жүрдің+,Мұса мен Харонның қолымен жетеледің+.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.