Зәкәрия 2:1—13

  • 3-аян: өлшеуіш жіп ұстаған кісі (1—13)

    • Иерусалимді өлшеу (2)

    • Ехоба қаланы отты қабырға іспетті қоршайды (5)

    • Құдайдың көзінің қарашығына тиісу (8)

    • Көптеген халықтар Ехобаға қосылады (11)

2  Мен тағы жоғары қарап, қолына өлшеуіш жіп+ ұстаған кісіні көрдім.  Одан: “Қайда бара жатырсыз?”— деп сұрадым. Ол: “Иерусалимді өлшеп, ені мен ұзындығын білуге бара жатырмын+”,— деп жауап қатты.  Сөйтіп, менімен сөйлескен періште қасымнан кетті. Оның алдынан басқа бір періште шығып,  оған былай деді: “Ана жас жігітке жүгіріп барып, мынаны айт: —Иерусалимде адам мен мал көбейетіндіктен+, ол ашық елді мекен* сияқты болады+.  Өзім оны отты қабырға іспетті қоршаймын+,— дейді Ехоба,— сөйтіп, ішін даңқыма толтырамын+”.  “Уа, халайық! Кәне, солтүстіктегі елден қашыңдар+”,— дейді Ехоба. “Мен сені дүниенің төрт бұрышына* бытыратып жіберген едім+”,— дейді Ехоба.  “Кәне, Бабыл* қызымен тұрып жатқан Сион, қашып құтыл+!  Өйткені Әскербасы Ехоба өз даңқын шығарғаннан кейін, сені талан-таражға салып жатқан халықтарға мені жіберіп+, сен туралы: —Кім саған тиіссе, сол менің көзімнің қарашығына тиіскені+.  Мен оларға қарсы қолымды созамын, сонда оларды өз құлдары тонайтын болады+,— дейді. Сол кезде мені саған Әскербасы Ехоба жібергенін білесің. 10  Шаттанып айғай сал, уа, Сион қызы+! Өйткені мен келе жатырмын+, араңда мекен ететін боламын+,— дейді Ехоба.— 11  Сол күні көптеген халықтар маған, Ехобаға, қосылып+, менің халқым болады. Мен сенің араңда мекен етемін, уа, Сион қызы!” Сонда мені саған Әскербасы Ехоба жібергенін білесің. 12  Ехоба Яһуданы киелі жердегі үлесі етіп иемденеді. Ол Иерусалимді қайтадан таңдап алады+. 13  Уа, адамзат, Ехобаның алдында үндемеңдер! Өйткені ол киелі мекенінен шығып, әрекет етуде.

Сілтемелер

Яғни қоршалған қабырғасы жоқ.
Сөзбе-сөз “желіне”.
Немесе “Вавилон”.