Ишая 15:1—9

  • Моаб туралы ауыр хабар (1—9)

15  Моаб туралы ауыр хабар+: Моабтағы Ар қаласының+ үні өшті,Өйткені бір түн ішінде тас-талқаны шықты! Моабтағы Кир қаласының+ үні өшті,Өйткені бір түн ішінде тас-талқаны шықты!   Моаб жылау үшін ғибадатханаға, Дибонға өрледі+,Ғибадат төбелеріне көтерілді,Небо+ мен Медебаны+ жоқтап зар еңіреді. Халқы бірі қалмай шаштарын да, сақалдарын да қырып тастады+.   Олар көшелерде үстеріне азалы киім киіп,Үй шатырлары мен алаңдарда зар еңіреп жүр. Жылаған күйі төмен түсіп келеді+.   Хешбон мен Елалех+ айғайлап жатыр,Дауыстары Яхасқа+ дейін естіліп тұр. Сондықтан Моабтың қаруланған жігіттері айғай салуда,Жандары қалмай дірдек қағуда.   Моабты ойлап жүрегім қан жылайды. Оның қашқындары Сиғор+ мен Еглат-Шелишияға+ дейін жетті. Олар жылаған күйі Лухитке өрлеп барады,Апатқа ұшырағандарына қайғырып, Хоронаим жолында зар илеп барады+.   Нимримнің суы тартылып қалды,Көк шөп күйіп кетті. Шөптен шөп, өсімдіктен өсімдік қалмады.   Сондықтан олар жиған-тергені мен байлықтарынан қалғанын алып келе жатыр;Олар теректі сайдан өтіп келе жатыр.   Моаб жерінен жылаған дауыстың жаңғырығы естіледі+. Боздаған дауыс Еглаимге дейін жетіп жатыр,Боздаған дауыс Бегер-Елімге дейін жетіп жатыр.   Өйткені Димонның суы қан боп ағуда. Бірақ мен Димонға тағы мынаны істеймін: Моаб халқының аман қалғандарынаЖәне сол елдегі тамтыққа арыстандар шабуылдайды+.

Сілтемелер