Ишая 18:1—7
-
Эфиопия туралы ауыр хабар (1—7)
18 Эфиопия өзендерінің бойындағыЫзыңдайтын қанатты жәндіктер елі қасіретке қалады+!
2 Ол теңіз арқылы папирус қайықтармен өкілдерін жіберіп:
“Ей, жүйрік хабаршылар!
Өздері бойшаң, терілері жылтырап тұратын,Барлық жерде үрей тудыратын+,Мықты да зорлықшыл халыққа,Елдерін өзендер шайып кеткен халыққа барыңдар”,— дейді.
3 Ей, жержүзінің тұрғындары,Сендер көрген нәрсе тау басына қойылған белгідей,Сендер естіген дауыс тартылған керней үніндей болады.
4 Өйткені Ехоба маған мынаны айтты:
“Мен еш абыржымай, өз орныма* қараймын;Менің қарағаным аптап ыстықтағы күн нұрындай,Науқан кезіндегі ыстықта түсетін мол шықтай болады.
5 Науқан басталмай тұрып,Жүзім гүлін тастап, түйіні толысып піскенде,Өскіндері пышақпен кесіледі,Мұртшалары қырқылып тасталады.
6 Олар тау құзғындарына,Дала аңдарына қалдырылады.
Жаз бойы олар құзғындарға,Науқан кезінде күллі дала аңдарына жем болады.
7 Сол уақытта Әскербасы Ехобаға сый әкелінеді,Өздері бойшаң, терілері жылтырап тұратын,Барлық жерде үрей тудыратын,Мықты да зорлықшыл халықтан,Елдерін өзендер шайып кеткен халықтан,Әскербасы Ехобаның есімімен аталатын жерге, Сион тауына+, сый әкелінеді”.
Сілтемелер
^ Мүмкін: “өз орнымнан”.