Ишая 23:1—18

  • Тир туралы ауыр хабар (1—18)

23  Тир туралы ауыр хабар+: Тарсис кемелері+, зар еңіреп жылаңдар! Өйткені кемежай талқандалды, енді онда кіретін жер жоқ. Бұл хабар оларға Киттим+ жерінде жетті.   Жағалау тұрғындары, үндемеңдер! Сен теңізде жүзетін Сидон+ саудагерлерінің арқасында байып едің.   Сенің кірісің, Шихор*+ астығы мен Ніл өнімі,Көптеген сулар арқылы жеткізіліп,Халықтарға пайда түсіруші еді+.   Ей, Сидон, теңіздегі қорған, ұялып төмен қара! Өйткені теңіз: “Мен толғатқан да, босанған да жоқпын,Ұл бағып, қыз да өсірмедім”,— деді+.   Жұрт Тир туралы естігенде,Мысыр жайлы хабарды+ естігендегідей қасірет шегеді+.   Жағалау тұрғындары, зар еңіреп жылаңдар! Теңізден өтіп, Тарсиске барыңдар!   Атам заманнан, жас күнінен, шаттыққа кенелген қалаларың осы ма? Ол шалғайдағы елдерге барып қоныстанушы еді.   Өзгелерге тәж сыйлап келген,Саудагерлері бекзада,Сатушылары сыйлы кісілер болған Тирге қарсы кім мұндай шешім қабылдады+?   Бұл шешімді қабылдаған — Әскербасы Ехоба. Ол мұны Тирді әсемдігінен айырып, көкірегін басу үшін,Жержүзіндегі сыйлы адамдардың бәрін төмендету үшін істеді+. 10  Ей, Тарсис қызы, еліңді Ніл өзеніндей шарлап жүр. Енді онда кеме жасайтын жер* жоқ+. 11  Ехоба теңіздің үстіне қолын созды,Патшалықтарды шайқалтты. Финикия қорғандарын талқандауға бұйрық берді+. 12  Ол былай дейді: “Сидонның қысым көрген пәк қызы,Сен бұдан былай қуанбайтын боласың+. Тұрып, теңізден өт те, Киттимге+ бар,Бірақ сен ол жерде де тыным таппайсың”. 13  Міне, халдей елі+. Тирді шөл дала аңдарының тұрағына айналдырған —Ассирия+ емес, осы халық. Олар қалаға шабуылдайтын құрылғылар орнатты,Оның бекініс мұнараларын талқандап+, үйіндіге айналдырды. 14  Тарсис кемелері, зар еңіреп жылаңдар! Себебі қорғандарыңның тас-талқаны шықты+. 15  Сол күні Тир 70 жылға, бір патшаның ғұмырындай уақытқа ұмыт болады+. 70 жылдың соңында ол мына әндегі жезөкшеге ұқсайтын болады: 16  “Ұмыт болған жезөкше, қолыңа арфа алып, қаланы аралап жүр. Арфаңды жақсылап тартып,Әнді көптеп айт,Олар сені естеріне түсірсін”. 17  Жетпіс жылдың соңында Ехоба Тирге назар салады. Ол қайтадан ақы алып, жержүзіндегі барлық патшалармен азғындық жасайды. 18  Бірақ оның көрген пайдасы мен алған ақысы Ехоба үшін қасиетті саналады. Оның табысын жинап не сақтап қоймайды, өйткені ол Ехобаның алдында мекендейтіндер тойына ішіп-жеп, сәнді киіну үшін қолданылатын болады+.

Сілтемелер

Ніл өзенінің бір саласы.
Мүмкін: “айлақ”.