Ишая 28:1—29

  • Ефремнің маскүнемдері қасіретке қалады! (1—6)

  • Яһуданың діни қызметкерлері мен пайғамбарлары теңселіп жүр (7—13)

  • “Өліммен келісім жасастық” (14—22)

    • Сионға қойылған бағалы бұрыштық тас (16)

    • Ехобаның ерекше ісі (21)

  • Ехоба даналықпен түзетеді (23—29)

28  Ефрем+ маскүнемдерінің дандайсыған тәжі* қасіретке қалады,Шарапқа салынғандардың құнарлы аңғарының басындағыОның салтанатты әсемдігінің солғын тартқан гүлі қасіретке қалады!   Міне, Ехоба мықты да қуатты біреуді жібереді. Ол бұршақты дауыл, жойқын құйын сияқты,Ғаламат тасқын әкелетін екпінді жел іспетті,Оны бар күшімен жерге атып ұрады.   Ефрем маскүнемдерінің дандайсыған тәждеріАяқтың астында тапталатын болады+.   Құнарлы аңғардың басындағыОның салтанатты әсемдігінің солғын тартқан гүліЖаз келмей тұрып піскен інжір жемісіндей болады,Көрген адам оны жұлып алып, жеп қояды.  Сол күні Әскербасы Ехоба халқының тамтығы үшін салтанатты тәж әрі әсем гүлдесте болады+.  Ол төрелік ететіндерге әділдік рухын, қақпа алдында жауға тойтарыс беретіндерге күш дарытады+.   Мыналар да шараптың кесірінен жолдан адасты,Ішіп алып теңселіп жүр: Діни қызметкер мен пайғамбар ішімдікке салынып адасты,Шарап оларды есінен аудырды,Олар ішіп алып теңселіп жүр. Көрген аяндары жолдан адастырды,Олар дұрыс шешім қабылдай алмайды+.   Дастарқандары жеркенішті құсыққа толы,Былғанбаған жері жоқ.   Олар былай дейді: “Мынауың кімге білім бермекші? Хабарын кімге түсіндірмекші? Әлде біз жаңа ғана ана бауырынан айырылған,Жаңа ғана емшектен шығарылған сәбиміз бе?! 10  Бізге бар айтатыны: “Өсиет үстіне өсиет, өсиет үстіне өсиет,Заң үстіне заң, заң үстіне заң*+,Кішкене мына жерде, кішкене ана жерде*”. 11  Сондықтан ол бұл халыққа хабарын кекештер мен шет тілде сөйлейтіндер арқылы жеткізеді+. 12  Кезінде ол осы халыққа: “Бұл — тынығатын орын. Шаршаған адам тынықсын; бұл — бой сергітетін орын”,— деген еді, бірақ олар тыңдағысы келмеді+. 13  Сол себепті Ехобаның мына сөзі орындалады: “Өсиет үстіне өсиет, өсиет үстіне өсиет,Заң үстіне заң, заң үстіне заң*+,Кішкене мына жерде, кішкене ана жерде”. Осылайша олар жүргенде сүрініп, шалқасынан құлайды,Мертігеді, торға түсіп, ұсталады+. 14  Ей, мақтаншақтар, мына халықтың Иерусалимдегі басшылары! Ендеше, Ехобаның сөзін тыңдаңдар! 15  Сендер былай дейсіңдер: “Біз Өліммен келісім жасастық+,Көрмен* келісімшартқа отырдық*. Ғаламат тасқын болғанда, бізге жуымай, айналып өтеді. Өйткені біз өтірікті пана,Жалғандықты жасырынатын таса қылдық+”. 16  Сондықтан Әлемнің Әміршісі Ехоба былай дейді: “Мен Сионға іргетас етіп тексерілген тасты+,Берік іргетас етіп бағалы бұрыштық тасты*+ қойып жатырмын+. Оған сенім артқан адам еш абыржымайды+. 17  Мен әділдікті өлшеуіш жіп+,Туралықты тіктегіш қыламын+. Өтіріктің панасын бұршақ жояды,Жасырынатын тасасын су басады. 18  Өліммен жасасқан келісімдерің бұзылады,Көрмен* отырған келісімшарттарың күшін жояды+. Ғаламат тасқын болғанда,Тас-талқандарың шығады. 19  Тасқын болған сайын, сендерді шайып кетіп отырады+. Өйткені ол күн демей, түн демей әр күні таңертең болып тұрады. Олар қорыққандықтан ғана естігендерін түсінеді*”. 20  Көсілейін десе, төсектері тым қысқа,Оранып жамылайын десе, көрпелері тым енсіз. 21  Ехоба өзінің ісін, ерекше ісін, жүзеге асыру үшін,Өзінің жұмысын, әдеттен тыс жұмысын, атқару үшін+,Перасим тауындағыдай орнынан көтеріледі,Гибеон маңындағы аңғардағыдай түрегеледі+. 22  Енді мазақтауды қойыңдар+,Әйтпесе бұғауларың одан бетер қысылады. Өйткені мен Әлемнің Әміршісі Әскербасы ЕхобаданБүкіл елді* жоюды шешкенін естідім+. 23  Үніме құлақ түріңдер,Айтқандарыма назар салыңдар. 24  Диқан тұқым сеппей, күні бойы жер жыртып,Топырақ қопсытып, оны тырмалай бере ме+? 25  Топырақты тегістеп болған соң,Қара зире шашып, зире сеуіп тастайды ғой? Белгіленген жерлерге бидай, тары, арпа,Ал танабының жиегіне қос дәнді бидай+ егеді ғой? 26  Құдай оған ненің дұрыс екенін үйретеді,Нұсқауды Құдайы береді+. 27  Қара зире үшін бастыратын ағаш+,Ал зире үшін бастыратын дөңгелек қолданбайды. Қайта, қара зирені ағашпен ұрғылайды,Ал зирені тоқпақпен соққылайды. 28  Нанға арналған дәнді жаныштап тастаушы ма еді? Жоқ, оны толассыз бастыра бермейді+. Атқа жегілген бастыратын дөңгелекті астықтың үстінен айналдырып жүреді,Бірақ оны жаныштап тастамайды+. 29  Бұл да — Әскербасы Ехобадан келген даналық. Оның кеңесі керемет, істері ұлы+.

Сілтемелер

Исраилдің астанасы Самария жөнінде айтылып тұрса керек.
Немесе “Өлшеуіш жіп үстіне өлшеуіш жіп, өлшеуіш жіп үстіне өлшеуіш жіп”.
Еврей тілінде бұл сөздер ұйқасы қайталанып келетін балаларға арналған тақпаққа ұқсайды.
Немесе “Өлшеуіш жіп үстіне өлшеуіш жіп, өлшеуіш жіп үстіне өлшеуіш жіп”.
Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
Мүмкін: “бірге аян көрдік”.
Түсіндірмедегі “Бұрыштық тасты” қараңыз.
Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
Мүмкін: “Олар естігендерін түсінгенде, зәре-құты қалмайды”.
Немесе “Бүкіл жерді”.