Ишая 3:1—26
3 Өйткені, міне, шынайы Иеміз Әскербасы Ехоба,Иерусалим мен Яһуданы бар сүйеніші мен азық қорынан,Нан мен су қорының бәрінен айырады+.
2 Батыры мен жауынгерінен,Биі мен пайғамбарынан+, сәуегейі мен ақсақалынан,
3 Елубасынан+, сыйлы адамы мен кеңесшісінен,Әккі сиқыршысы мен арбаушысынан айырады+.
4 Жас балаларды оларға бекзада етіп қоямын,Оларды тұрақсыз адамдар басқарады.
5 Жұрт бір-біріне, әркім өз жерлесіне қысым жасайды+.
Бозбала қарияға қорлық көрсететін болады,Қадірсіз адам сыйлы адамды менсінбейтін болады+.
6 Әркім әкесінің үйіндегі бауырына жармасып:
“Үстіңде шапаның бар ғой, бізге басшы бол.
Мына үйінділерді қол астыңа ал”,— дейді.
7 Бірақ сол күні ол қарсы болып:
“Мен сендердің жараларыңды таңбаймын,Үйімде ішер ас та, киер киім де жоқ.
Мені жұртқа басшы етпеңдер”,— дейді.
8 Иерусалим сүрінді, Яһуда құлады.
Өйткені олар сөзімен де, ісімен де Ехобаға қарсы келеді,Даңқты Құдайдың көз алдында бейбастақтық жасайды+.
9 Бет-жүздері өздерін айыптайды,Олар Содом сияқты өз күнәларын жария қылады+,Оны жасыруға да тырыспайды.
Олар қасіретке қалады!
Өйткені өз бастарын пәлеге ұшыратты.
10 Әділдерге еш жамандық көрмейтіндерін айтыңдар,Олар істерінің жемісін көреді+.
11 Ал әділетсіздер қасіретке қалады!
Олар пәлеге душар болады,Өйткені өзгеге істегені өз бастарына келеді!
12 Халқым жайлы айтар болсам,Оған жұмыс беріп отырғандар жәбір көрсетеді,Оны әйелдер билеп отыр.
Ей, халқым, басшыларың сендерді адастыруда,Олар жолдарыңның бағытын ауыстырып жіберді+.
13 Ехоба халықтарды айыптауға дайын,Ол үкімін жариялау үшін түрегелді.
14 Ехоба халқының ақсақалдары мен бекзадаларын соттайды.
“Сендер жүзімдікті өртеп жібердіңдер,Үйлеріңді кедей-кепшіктен ұрлаған мүлікке толтырдыңдар+.
15 Халқымды қанап, кедейді езіп-жаншуға қалай дәттерің барады+?!”
Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Әскербасы Ехоба.
16 Ехоба былай дейді: “Сион қыздары тәкаппар болғаны үшін,Бастарын жоғары көтеріп,Көздерімен қылымсып, кербездене басып,Аяқтарындағы білезіктерін сыңғырлатып жүргендері үшін,
17 Ехоба бастарына жара қаптатады,Ехоба Сион қыздарын қасқа бас қылады+.
18 Сол күні Ехоба олардың әшекейлерін: аяқбілезіктерін,Басқа тағатын таспалары мен айшық пішінді әшекейлерін+,
19 Сырғаларын, білезіктері мен орамалдарын,
20 Баскиімдерін, аяқтарындағы шынжырларын, белдіктерін,Әтірлі құтылары мен бойтұмарларын,
21 Жүзіктері мен мұрындарындағы сырғаларын,
22 Сәнді киімдері мен жамылғыларын, шапандары мен әмияндарын,
23 Қолайналарын+, бәтес көйлектерін,Шалмалары мен орамалдарын тартып алады.
24 Үстерінен иісмай+ орнына шіріктің сасық иісі шығады,Белдік орнына жіп тағады,Бапталған шаштарынан айырылып, тақыр бас болады+,Қымбат киім орнына азалы киім киеді+,Сұлулық орнын құлдықтың таңбасы басады.
25 Ер-азаматтарың семсерден өледі,Батырларың шайқаста қаза табады+.
26 Қала қақпасында жоқтау мен зар жылау болады+,Қаңырап бос қалған Сион тақыр жерде отырады+.