Ишая 37:1—38
37 Езекия патша мұны ести сала, киімінің өңірін айырып тастап, үстіне азалы киім* киді де, Ехобаның үйіне кірді+.
2 Бұдан кейін ол үстеріне азалы киім киген сарай басқарушысы Елиәкімді, хатшы Шебнаны және қария діни қызметкерлерді Амос ұлы Ишаяға+ жіберді.
3 Олар Ишаяға мынадай хабар әкелді: “Езекия мынаны айтады: —Бұл күн — біз үшін азап шегетін, айыпталатын, масқара болатын күн. Өйткені бала ана құрсағынан шығуға даяр тұр, бірақ тууға дәрмен жоқ+.
4 Бәлкім, Құдайың Ехобаның құлағына Ассирия патшасы тірі Құдайды мазақ етуге жіберген рабшақтың сөздері жетер+. Құдайың Ехоба өзі естіген осы сөздер үшін оны жауапқа тартар. Сондықтан аман қалған тамтық+ үшін дұға еткейсің+”.
5 Езекия патшаның қызметшілері Ишаяға осындай хабар әкелді+.
6 Сонда Ишая мынадай жауап қатты: “Тақсыр иелеріңе айтыңдар, Ехоба былай дейді: —Өзің естіген Ассирия патшасының мені тілдеуге жіберген қызметшілерінің+ сөздерінен қорықпа+!
7 Мен оның санасына ой саламын да, ол бір хабар алып, еліне оралады+. Өз елінде мен оны семсермен сұлатамын+”.
8 Осы аралықта рабшақ Ассирия патшасының Лахиштен әскерінің басын бұрғанын естіп, кері қайтты. Ол патшаны Либнамен соғысып жатқан жерінен тапты+.
9 Ассирия патшасы Эфиопия патшасы Тиргактың өзіне қарсы аттанғанын естіді. Сонда ол Езекияға мынадай хабармен елшілерін жіберді+:
10 “Яһуда патшасы Езекияға былай деңдер: —Өзің арқа сүйеп отырған Құдайың “Иерусалим Ассирия патшасының қолына берілмейді” деп сені алдамасын+!
11 Ассирия патшаларының не істегенін естідің ғой: олар барлық елдерді жойды+. Ендеше сен қалай аман қалмақсың?
12 Менің ата-бабаларым құртып жіберген халықтардың құдайлары оларды құтқара алды ма+? Ғозан, Харан+, Ресеф пен Тел-Ассардағы Едемнің халқы қайда қалды?
13 Хамат пен Арпадтың патшалары, Сефараим+, Хена мен Ибба қалаларының патшалары қайда?”
14 Езекия елшілер әкелген хаттарды алып, оқып шықты. Сосын Ехобаның үйіне барып, оларды Ехобаның алдына жайып тастады да+,
15 былай деп Ехобаға дұға етті+:
16 “Уа, Әскербасы Ехоба+, керубтердің үстінде* отырған Исраил Құдайы! Сен жер бетіндегі күллі патшалықтардың жалғыз шынайы Құдайысың. Көк пен жерді жаратқан да өзіңсің.
17 Құлақ түрші, ести көрші, уа, Ехоба+! Назарыңды салшы, қарай көрші, уа, Ехоба+! Сеннахиримнің сені, тірі Құдайды, мазақ қылып айтқан сөздерінің бәрін естіші+.
18 Уа, Ехоба, рас, Ассирия патшалары өз елдерімен қоса, күллі елдерді қаңыратып бос қалдырды+.
19 Ал құдайларын отқа тастады+, өйткені олар құдай емес, адам қолынан шыққан+ ағаш пен тас еді. Сондықтан да оларды құртып жіберді.
20 Ал енді, уа, Ехоба Құдайымыз, бізді мына патшаның қолынан құтқара көрші. Сонда, уа, Ехоба, жер бетіндегі патшалықтардың бәрі жалғыз сенің ғана Құдай екеніңді білетін болады+”.
21 Сонда Амос ұлы Ишая Езекияға мынадай хабар жіберді: “Исраилдің Құдайы Ехоба мынаны айтады: —Маған Ассирия патшасы Сеннахирим жайлы дұға еткенің үшін+,
22 Ехоба оған қарсы мына сөздерді айтты:
“Сионның пәк қызы сені менсінбей, күлкі қылады.
Иерусалимнің қызы саған қарап басын шайқайды.
23 Сен кімді мазақтап+, кімге тіл тигіздің?
Кімге даусыңды көтеріп+, кімге паңдана қарадың?
Сен Исраилдің Киелі Құдайына қарсы шықтың+!
24 Қызметшілерің арқылы Ехобаны мазақтап+:
—Мен көптеген соғыс арбаларымменАсқар тауларға шығамын+,Ливанның түкпір-түкпіріне жетемін.
Оның биік қарағайларын, таңдаулы аршаларын шауып тастаймын.
Шыңына дейін жетемін, ну ормандарына кіремін.
25 Құдықтар қазып, су ішемін,Мысырдың* салаларын табаныммен басып құрғатамын,— дедің.
26 Сен естімеген бе едің? Мен мұны байырғы заманда шешіп қойғанмын.
Ежелден даярлап қойғанмын+.
Енді соны жүзеге асырмақпын+.
Сен бекіністі қалаларды қаңыратып бос қалдырасың, үйінділерге айналдырасың+.
27 Олардың тұрғындары дәрменсіз күй кешеді.
Бойларын үрей билейді, масқаралары шығады.
Олар дала өсімдігі сияқты, көк шөп іспетті,Шығыс желі күйдірген үй төбесіндегі шөп іспетті болады.
28 Сенің өз орныңда отырғаның, шыққаның да, кіргенің де маған мәлім+,Маған қаһарың қайнағанын да білемін+.
29 Себебі қаһарың қайнап+, маған қарсы өршеленгенің құлағыма жетті+.
Сондықтан мұрныңа ілмек, аузыңа ауыздық салып+,Сені келген жолыңмен қайта алып барамын.
30 Мынау сен* үшін белгі болады: осы жылы былтыр шашылып қалған дәннен өсіп шыққан астықты жейсіңдер. Келер жылы өзі өсіп шыққан астықты қорек етесіңдер. Ал одан кейінгі жылы егін егіп, оны орып аласыңдар, жүзімдіктер отырғызып, жемісін жейсіңдер+.
31 Яһуда үйінен аман қалғандар, оның тамтығы+, терең тамыр жайып, мол өнім береді.
32 Өйткені Иерусалимнен тамтық, Сион тауынан аман қалғандар+ шығады. Әскербасы Ехоба бұны құлшына жүзеге асырады+.
33 Сондықтан Ассирия патшасы жайлы Ехоба мынаны айтады+:
—Ол мына қалаға кірмейді+,Оған қарай бірде-бір жебе атпайды,Қалқан ұстап шабуылға да шықпайды,Оған қарсы үйінді де жасамайды+.
34 Қай жолмен келсе, сол жолмен қайтады.
Ол мына қалаға кірмейді. Мұны айтып отырған — Ехоба.
35 Мен бұл қаланы өз есімім үшін+
Және қызметшім Дәуіт үшін+ қорғаймын+”.
36 Содан Ехобаның періштесі Ассирия қосына барып, 185 000 адамды қырып салды. Жұрт таңертең тұрғанда, қырылып жатқан өліктерді көрді+.
37 Сонда Ассирия патшасы Сеннахирим кері шегініп, Ниневияға+ оралды да, сонда тұрақтап қалды+.
38 Бірде ол құдайы Нисрохтың ғибадатханасында мінажат етіп жатқанда, ұлдары Адрамелех пен Шарезер келіп, оны семсермен шауып өлтірді+. Ал өздері бассауғалап Арарат+ жеріне қашып кетті. Патшаның орнына ұлы Асархаддон+ таққа отырды.
Сілтемелер
^ Түсіндірмені қараңыз.
^ Мүмкін: “арасында”.
^ Немесе “Нілдің”.
^ Бұл есімдік Езекияға нұсқайды.