Ишая 49:1—26
49 Аралдар, мені тыңдаңдар!
Шалғайдағы ұлттар, құлақ салыңдар+!
Әлі туылмай тұрғанымда, Ехоба мені шақырды+.
Ана құрсағында жатқанымда, есімімді атады.
2 Тілімді өткір семсердей етті.
Мені алақанымен қалқалады+.
Өткір жебедей қылды, қорамсағында сақтады.
3 Ол маған: “Уа, Исраил, сен менің қызметшімсің+.
Сен арқылы ұлылығымды паш етемін+”,— деді.
4 Ал мен: “Босқа еңбек еттім.
Күшімді текке, бекершілікке жұмсадым.
Бірақ маған Ехоба төрелік етеді*,Қарымтамды Құдай қайтарады+”,— дедім.
5 Ал енді Ехоба, мені ана құрсағында қалыптастырып, өзіне қызметші еткен Құдай,Жақыпты оған қайтарып әкелуім керектігін айтты.
Осылай Исраил оның алдына жиналмақ+.
Сонда Ехобаның алдында менің даңқым артады,Құдайым күш-қуатымның қайнары болады.
6 Ол маған былай деді:
“Сен Жақыптың руларын қайта күшейтіп,Исраилдің аман қалғандарын қайта әкелетін қызметшім ғана емессің.
Құтқаруым жердің қиыр шетіне дейін жету үшін+, мен сені ұлттарға нұр ретінде бердім+”.
7 Исраилдің Құнын өтеуші Киелі Құдай Ехоба+ әбден жексұрын болған+, халық жек көрген кісіге, билеушілердің қызметшісіне былай дейді:
“Патшалар көріп, орындарынан түрегеледі,Бекзадалар бас иіп, тағзым етеді,Олар мұны сені таңдап алған+ адал Ехоба+ үшін,Исраилдің Киелі Құдайы үшін істейді”.
8 Ехоба мынаны айтады:
“Ықыласымды түсіретін кезде мен саған жауап бердім+,Құтқаратын күнім келгенде, көмектестім+.
Мен сені қорғап жүрдім.
Мұны сені халықтарға келісім етіп беру үшін+,Елді қалпына келтіру үшін,Қаңырап бос қалған жерді халқыма үлес ету үшін+,
9 Тұтқында отырғандарға “Шығыңдар!”+,Түнектегілерге+ “Көрініңдер!” деу үшін істедім.
Олар жол бойында жайылатын болады,Тақыр жолдардың бойынан* жайылым табады.
10 Олар ашықпайды, шөлдемейді де+,Оларды аптап ыстық та, күн де күйдірмейді+.
Себебі оларды мейірім көрсеткеннің өзі бастап жүреді+,Су көздеріне жетелейді+.
11 Мен бүкіл тауларымды жолға айналдырамын,Даңғыл жолдарымды биік етіп саламын+.
12 Қараңдаршы! Олар алыстан келе жатыр+,Солтүстік пен батыстан,Синим жерінен келе жатыр+”.
13 Ей, көк, қуана дауыста! Жер, сен де шаттан+!
Таулар қуана айғай салсын+!
Өйткені Ехоба өз халқын жұбатты+,Азап шеккен халқына мейірім танытты+.
14 Бірақ Сион: “Ехоба мені тастап кетті+.
Ехоба мені ұмытты”,— дей берді+.
15 Әйел емізулі баласын ұмыта ма?
Құрсағынан шыққан ұлын аяйды емес пе?!
Тіпті әйел өз баласын ұмытып кетсе де, мен сені ешқашан ұмытпаймын+.
16 Міне, алақандарыма есіміңді ойып жазып алдым.
Сенің қабырғаларың әрқашан көз алдымда.
17 Ұлдарың қауырт қайтып келеді.
Сені талқандап, бос қалдырғандар қасыңнан кетеді.
18 Айналаңа көз жүгіртіп қарашы.
Олардың бәрі жиналып, саған келе жатыр+.
Ехоба былай дейді: “Өз атыммен ант етемін*,Сен олармен әшекей іспетті безенесің,Қалыңдықтай сәнденіп, алқа іспетті тағасың.
19 Кезінде тас-талқан болып, қаңырап қалған жерің+
Енді тұрғындарың үшін тым тар болады+,Сені жалмағандар+ қасыңнан алшақ кетеді+.
20 Балаларыңнан айырылғанда туған ұлдарың саған:
—Мына орын біз үшін тым тар,Бізге мекен ететін жер бер,— дейтін болады+.
21 Сонда сен: —Маған берілген мына балалардың әкесі кім?
Мен балаларынан айырылған, бедеу әйел емес пе едім?
Жер аударылып, тұтқынға алынған едім ғой,Оларды бағып-қағып өсірген кім+?
Мен жалғыз қалған едім ғой+,Онда мыналар қайдан келді?— деп ойлайсың+”.
22 Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады:
“Міне, мен ұлттарға қарсы қолымды созамын,Халықтарға белгі болу үшін туымды көтеремін+.
Олар сенің ұлдарыңды бауырына басып,Қыздарыңды иықтарына көтеріп алып келеді+.
23 Сені патшалар бағып-қағып+,Патшайымдар емізетін болады.
Олар жерге дейін иіліп, саған тағзым етіп+,Аяғыңдағы шаң-тозаңды жалайды+.
Сонда менің Ехоба екенімді білетін боласың.
Маған үміт артқандар еш ұятқа қалмайды+”.
24 Мықтының қолынан тұтқындарын тартып алу мүмкін бе?
Озбыр билеушінің тұтқындарын босатып жіберу мүмкін бе?
25 Бірақ Ехоба мынаны айтады:
“Тіпті мықтының қолындағы тұтқындар тартып алынады+,Озбыр билеушінің тұтқындары босатылады+.
Саған қарсы шыққандарға өзім қарсы шығып+,Ұлдарыңды аман алып қаламын.
26 Сені жәбірлегендерге өз тәндерін жегіземін,Олар тәтті шарап ішкендей, өз қандарын ішіп мас болады.
Сонда күллі халықтар менің Ехоба екенімді+,Сенің Құтқарушың+ әрі Құныңды өтеуші+,Жақыптың Құдіретті Құдайы екенімді білетін болады+”.
Сілтемелер
^ Немесе “Бірақ Ехоба маған әділдік сыйлайды”.
^ Мүмкін: “Тақыр төбелерден”.
^ Немесе “Мына сөздерім менің тірі екенімдей хақ”.