Ишая 50:1—11
50 Ехоба мынаны айтады:
“Мен аналарыңды қуып жіберіп, талақ қағазын+ бердім бе?
Әлде сендерді өзім қарыз алғандардың біріне сатып жібердім бе?
Жоқ, сендер өз күнәларың үшін+ сатылдыңдар,Аналарың да сендердің заңсыздықтарың үшін қуылды+.
2 Ендеше, мен келгенде неге ешкім болмады?
Шақырғанымда неге ешкім жауап бермеді+?
Төлемдеріңді өтеп алуға қолым тым қысқа ма?
Әлде босатып алуға құдіретім жетпей ме+?
Міне, мен сөгісіммен теңіз түбін кептіремін+,Өзендерді құла түзге айналдырамын+.
Сусыз қалған балықтар қырылып, шіріп кетеді.
3 Мен көкті түнекке ораймын+,Қара матаны оған жамылғы етемін”.
4 Әлемнің Әміршісі Ехоба шаршағандарға орынды жауап бере алсын деп*+,Маған сөзге орамды тіл берді+.
Ол мені күн сайын таңертең оятады,Құлағымды ашып, нұсқауларын құяды+.
5 Әлемнің Әміршісі Ехоба құлағымды ашқанда,Мен қарсыласпадым+.
Бағынбай, теріс бұрылмадым+.
6 Ұрып-соққандарға арқамды,Сақалымды жұлғандарға жағымды тостым.
Балағат пен түкіріктен бетімді жаппадым+.
7 Бірақ Әлемнің Әміршісі Ехоба маған көмектеседі+.
Сондықтан өзімді қорланғандай сезінбеймін.
Сондықтан бетімді шақпақтастай қатты еттім+,Мен ұятқа қалмайтынымды білемін.
8 Мені әділ деп жариялайтын Құдай қасымда.
Кім мені айыптай алады+?
Кәне, беттесейік.
Кім менімен соттасады?
Кәне, қасыма келсін.
9 Маған Әлемнің Әміршісі Ехоба көмектеседі.
Кім мені айыпты деп табады?
Мұндайлар киім сияқты тозады.
Оларды күйе жеп құртады.
10 Қайсысың Ехобадан қорқасың,Оның қызметшісінің даусына құлақ асасың+?
Кім еш жарық көрмей, қара түнекте жүрген еді?
Сол Ехобаның есіміне сенім артып, Құдайының қолдауына жүгінсін.
11 “Ал өздерің от жағып, ұшқынын шашырататындар,Сол оттарыңның жарығында,Ұшқындарыңның арасында жүре беріңдер.
Менен көретіндерің мынау:
Сендер қатты қиналып жататын боласыңдар.
Сілтемелер
^ Мүмкін: “шаршағандарды орынды сөзбен нығайтсын деп”.