Ишая 8:1—22

  • Ассирияның шабуылы жайлы хабар (1—8)

    • Махер-Шелал-Хаш-Баз (1—4)

  • Қорықпаңдар, “Құдай бізбен бірге!” (9—17)

  • Ишая мен балалары — белгі (18)

  • Жындарға емес, заңға жүгініңдер (19—22)

8  Ехоба маған былай деді: “Үлкен тақташа ал да+, оған кәдімгі қаламмен Махер-Шелал-Хаш-Баз* деп жаз.  Мен үшін бұны сенімді куәгерлер — діни қызметкер Ұрия+ мен Барақиях ұлы Зәкәрия растайтын болсын”.  Бұдан кейін мен пайғамбар әйелмен* жақындастым. Ол аяғы ауырлап, уақыты жеткенде ұл туды+. Сонда Ехоба маған мынаны айтты: “Баланы Махер-Шелал-Хаш-Баз деп ата.  Себебі ол тілі шығып, “әке”, “апа” дей бастағанша, Дамаскінің байлығы мен Самарияның олжасы Ассирия патшасының алдына апарылады+”.  Ехоба маған тағы былай деді:   “Мына халық Силоғамның* баяу ағатын суын менсінбей+,Ресин мен Ремалиях ұлына+ қуанады.   Міне, сондықтан Ехоба оларғаЕвфраттың күшті де мол суын жібереді,Ассирия патшасы мен оның бар құдіретін аттандырады+. Ол күллі салаларынан асып-тасып,Барлық арналарынан шығады да,   Бүкіл Яһуда елін алып кетеді. Ол тасқындап келіп, жайылады да, мойынға дейін көтеріледі+. Оның кең қанаттары бүкіл жеріңді басып қалады,О, Еммануил+!”   Ей, халықтар, жамандық жасай беріңдер, бірақ сендер тас-талқан боласыңдар. Жердің қиыр шетіндегілер, бәрің де тыңдаңдар! Шайқасқа дайындалыңдар, бірақ сендер тас-талқан боласыңдар+! Шайқасқа дайындалыңдар, бірақ сендер тас-талқан боласыңдар! 10  Жоспар құрыңдар, бірақ ол бұзылады,Қастандық ойлаңдар, бірақ ол жүзеге аспайды! Өйткені Құдай бізбен бірге*+! 11  Ехоба мені мына халықтың жолына түсуден сақтандыру үшін, үстіме құдіретті қолын қойып тұрып былай деді: 12  “Мына халық қастандық деп санайтынды сендер қастандық демеңдер! Олар қорқатын нәрседен қорықпаңдар,Одан қалтырап-дірілдемеңдер! 13  Тек Әскербасы Ехобаны киелі деп санаңдар+! Міне, содан қорқыңдар,Содан қалтырап-дірілдеңдер+!” 14  Ол сендер үшін қорған* болады. Ал Исраилдің қос патшалығы үшінОл сүріндіретін тас,Құлататын жартас сияқты болады+. Ал Иерусалим тұрғындары үшінТұзақ пен тор сияқты болады. 15  Олардың көбі сүрінеді, құлап кетіп жарақаттанады,Торға түсіп, ұсталады. 16  Жазылған куәлікті орап таста,Шәкірттерімнің көзінше заңды мөрлеп қой! 17  Мен Жақып үйінен жүзін жасырған Ехобаны+ зарыға күтемін+, соған үміт артамын. 18  Міне, өзім де, Ехоба сыйлаған балаларым да+ Сион тауында мекендейтін Әскербасы Ехобаның Исраил еліне берген белгілері+ мен кереметтері сияқтымыз. 19  Жұрттың сендерге: “Сыбырлап, күбірлеп аруақ шақыратындардан не көріпкелдерден басшылық сұраңдар”,— дейтіні қалай? Басшылықты Құдайдан сұрау керек емес пе?! Өлілер тірілер жайында ештеңе білмейді ғой+. 20  Басшылықты заңнан және жазылған куәліктен іздеу керек. Осы сөзге сай сөйлемесе, олар таң шапағын көрмейді+. 21  Қайта, қор болып, аштан-аш ел кезіп жүреді+. Аштық зардабын тартып, ашу қысқандықтан патшаларын қарғайды, көкке қарап, Құдайларына да тіл тигізеді. 22  Ал қайтадан жерге қарағанда, көретіндері тек қасірет, қараңғылық, шарасыздық пен қиындық, көзге түртсе көргісіз түнек болады.

Сілтемелер

Мағынасы “олжаға асығу; тонау үшін жылдам келу” болуы мүмкін.
Бұл Ишаяның өз әйелі.
Силоғам деген тоған болған.
“Құдай бізбен бірге” деген сөз еврейше “Еммануил” деп дыбысталады. Иш 7:14; 8:8-ді қараңыз.
Сөзбе-сөз “қасиетті орын”.