Малахи 2:1—17

  • Діни қызметкерлердің халыққа тәлім бермеуі (1—9)

    • Діни қызметкердің аузында Құдай жайлы білім болу керек (7)

  • Халықтың заңсыз ажырасып, күнәға батуы (10—17)

    • “Мен ажырасуды жек көремін” дейді Ехоба (16)

2  “Енді, уа, діни қызметкерлер, сендерге мынадай нұсқау беремін+:  егер оны тыңдаудан бас тартып, менің есімімді даңқтау үшін, оны көңілдеріңе түйіп алмасаңдар,— дейді Әскербасы Ехоба,— сендерге қарғыс жіберемін+, баталарыңды қарғысқа айналдырамын+. Иә, баталарыңды қарғысқа айналдырып та қойдым, өйткені сендер нұсқауымды көңілдеріңе түйіп алмадыңдар”.  “Сепкен тұқымдарыңды сендерге бола құртамын+. Беттеріңе малдың жынын, мейрамдарыңда құрбандыққа шалған малдардың жынын, шашамын. Сендер соған* тасталасыңдар.  Сонда осы нұсқауды сендерге Леуімен жасасқан келісімімді күшінде қалдыру үшін бергенімді білетін боласыңдар+”,— дейді Әскербасы Ехоба.  “Онымен жасасқан келісімімнің мақсаты өмір мен тыныштық сыйлау еді. Осы екеуін де менен қорқып* жүру үшін оған беріп келдім. Ол менен қорқып, есімімді қастерлеп жүрді.  Ол аузынан шындық заңын тастамайтын+, жалғандық атаулыны айтпайтын. Ол менімен тату болып, әділ жүріп-тұратын+. Сондай-ақ көп адамды теріс жолдан қайтарды.  Себебі діни қызметкердің аузында әрдайым Құдай жайлы білім болу керек, ал халық соның аузынан заңды есту қажет+. Өйткені ол — Әскербасы Ехобаның хабаршысы ғой.  Алайда өздерің тура жолдан тайып кеттіңдер. Заңды орындауға қатысты* көп адамға сүріндіретін тас болдыңдар+. Леуімен жасасқан келісімді бұздыңдар+,— дейді Әскербасы Ехоба.—  Менің жолыммен жүрмей, заңды орындағанда алалаушылық+ танытқандарың үшін, мен сендерді күллі жұртқа жеккөрінішті етіп, абыройларыңды түсіремін”. 10  “Бәріміздің әкеміз бір емес пе+?! Бәрімізді бір Құдай жаратқан жоқ па?! Ендеше, неге бір-бірімізге опасыздық жасап+, ата-бабаларымызбен жасасқан келісімді аяқасты етіп жатырмыз? 11  Яһуда опасыздық жасады. Исраил мен Иерусалимде жексұрын істер орын алды. Яһуда Ехобаның жақсы көретін қасиеттілігін*+ арамдап, бөтен құдайдың қызын әйелдікке алды+. 12  Ехоба осылай істейтін әркімді — ол кім болмасын*, мейлі Әскербасы Ехобаға сый-тарту әкелуші+ болсын — Жақыптың шатырларынан аластатады”. 13  “Сендер істеп жүрген тағы бір нәрсе бар. Соның кесірінен Ехобаның құрбандық ошағы жылағандардың, зар еңірегендер мен күрсінгендердің көз жасына толуда. Сондықтан ол бұдан былай сый-тартуларыңа назар салмайды, қолдарыңнан ештеңені ризалықпен қабыл алмайды+. 14  Сендер “Неге?” дейсіңдер. Себебі жастай үйленген әйелдеріңе опасыздық жасадыңдар. Олар өмірлік серіктерің әрі келісім жасасып алған жарларың* ғой+. Жасаған бұл қиянаттарыңа Ехоба куә. 15  Алайда бұлай істемегендер де бар, өйткені оларда Құдай рухы қалған. Олар нені қалады? Құдайдың шын халқы болатын ұрпақты* қалады. Ендеше, дұрыс ой-ниеттеріңді сақтаңдар, жастай үйленген әйелдеріңе опасыздық жасамаңдар. 16  Өйткені мен ерлі-зайыптының ажырасқанын жек көремін+,— дейді Исраил сиынған Құдай Ехоба.— Зорлық-зомбылықпен киімін былғаған адамды жек көремін,— дейді Әскербасы Ехоба.— Олай болса, дұрыс ой-ниеттеріңді сақтаңдар, опасыздық жасамаңдар+. 17  Сендер айтқан сөздеріңмен Ехобаны шаршаттыңдар+. Бірақ: —Біз оны қалай шаршаттық?— дейсіңдер. “Жамандық жасайтын әркімге Ехоба оң көзбен қарайды, оны ықыласына бөлейді+” немесе “Әділеттің Құдайы қайда?” деген сөздеріңмен шаршаттыңдар”.

Сілтемелер

Яғни құрбандық малының жыны тасталатын жерге.
Немесе “қастерлеп”.
Мүмкін: “берген тәлімдеріңмен”.
Мүмкін: “қасиетті орынды”.
Сөзбе-сөз “ояу болғанды және жауап берушіні”.
Немесе “заңды әйелдерің”.
Сөзбе-сөз “Құдайдың ұрпағын”.