Марқа 2:1—28

  • Исаның сал адамды сауықтыруы (1—12)

  • Леуіні ізбасар болуға шақыру (13—17)

  • Оразаға қатысты сұрақ (18—22)

  • Иса — “Демалыс күнінің Иесі” (23—28)

2  Бірнеше күннен соң Иса қайтадан Қапарнаумға келді. Жұрт оның үйде екенін естіп, білді+.  Содан адамдар сол жерге көптеп жиналып, тіпті есік алдында тұратын орын қалмады. Ол жиналғандарға Құдай сөзін айта бастады+.  Сонда оған төрт кісі бір сал адамды көтеріп алып келді+.  Халықтың көптігінен олар науқасты Исаның алдына апара алмай, үйдің шатырын ашты да, ол отырған тұсты ойып, оны зембілімен төмен түсірді.  Иса олардың сенімін көріп+, сал кісіге: “Балам, күнәларың кешірілді”,— деді+.  Сол жерде отырған бірнеше дін мұғалімі іштерінен+:  “Бұл кісі неге бұлай дейді? Құдайды қорлап тұр ғой. Күнәларды Құдайдан басқа кім кешіре алады+?”— деп ойлады.  Иса бірден олардың ойын біле қойып: “Неге бұлай ойлап отырсыңдар+?  Сал адамға не деп айту оңай: “күнәларың кешірілді” деу ме, әлде “орныңнан тұрып, зембіліңді ал да, жүре бер” деу ме? 10  Бірақ Адам Ұлының*+ жер бетінде адамдардың күнәларын кешіруге билігі бар+ екенін білулерің үшін...”— деді де, сал кісіге: 11  “Саған айтамын, орныңнан тұр да, зембіліңді алып, үйіңе бар”,— деді. 12  Сонда ол орнынан тұрып, бірден зембілін алып, жұрттың көз алдында шығып кетті. Бұған бәрі таңғалып: “Біз ешқашан мұндайды көрген емеспіз!”— деп Құдайды мадақтады+. 13  Ол тағы да теңіз жағасына барды. Барлық жұрт оның қасына жиналып, Иса оларға тәлім бере бастады. 14  Ал сол жерден кетіп бара жатқанда, салық кеңсесінде отырған Әлпей ұлы Леуіні* көріп, оған: “Менің ізбасарым бол!”— деді. Ол орнынан тұрып, соңынан ерді+. 15  Кейінірек Иса шәкірттерімен бірге Леуінің үйіне барып, дастарқан басына жантайды. Олармен бірге дастарқан басына жантайған салықшылар мен күнәкарлар да көп еді. Өйткені олардың көбісі оның соңынан еріп жүрген болатын+. 16  Бірақ парызшылдар* арасынан шыққан дін мұғалімдері оның күнәкарлармен және салықшылармен тамақтанып жатқанын көріп, шәкірттеріне: “Ол не, салықшылармен және күнәкарлармен бірге тамақ жей бере ме?”— деді. 17  Мұны естіген Иса оларға: “Дәрігер денсаулығы жақсы адамдарға емес, ауруларға қажет. Мен әділдерді емес, күнәкарларды өкінуге шақыру үшін келдім”,— деді+. 18  Жақияның шәкірттері мен парызшылдар ораза тұтатын. Сондықтан Жақияның шәкірттері Исаға келіп: “Біз де, парызшылдардың шәкірттері де ораза ұстайды, ал сіздің шәкірттеріңіз неге ұстамайды?”— деп сұрады+. 19  Иса былай деп жауап берді: “Күйеужігіт+ қастарында болғанда, оның достарына ораза ұстауға еш себеп жоқ, солай емес пе? Қастарында күйеужігіт болғанда, олар ораза ұстамайды. 20  Бірақ күйеужігітті қастарынан алып кететін кез келеді+, сонда олар ораза ұстайтын болады. 21  Ешкім ескі киімді жаңа матамен жамамайды, әйтпесе ол шуып, жұлынып қалады да, жыртық одан бетер үлкейіп кетеді+. 22  Сондай-ақ ешкім жаңа шарапты ескі меске құймайды, әйтпесе шарап месті жарып жібереді. Сонда шарап та ағып кетеді, мес те жарамсыз болып қалады. Қайта, жаңа шарапты жаңа меске құяды”. 23  Бір Демалыс күні ол егіндік арасымен өтіп бара жатқанда, шәкірттері масақ үзіп жей бастады+. 24  Сонда парызшылдар оған: “Қарашы, неге олар Демалыс күні істеуге болмайтынды істеп жатыр?”— деді. 25  Ол былай деп жауап қайырды: “Дәуіттің жейтін азығы таусылып, өзінің де, қасындағылардың да қарны ашқанда не істегені туралы ешқашан оқымап па едіңдер+? 26  Жоғарғы діни қызметкер* Әбиятар+ туралы жазылғандарға сай, Дәуіт Құдай үйіне кіріп, діни қызметкерлерден басқа ешкімнің жеуіне болмайтын Құдайға тарту ретінде ұсынылған нандарды+ өзі де жеп, қасындағыларға да бергенін білмейсіңдер ме?” 27  Сосын былай деп қосты: “Адам Демалыс күні үшін жаратылмаған, қайта, Демалыс күні адам үшін орнатылған+. 28  Ендеше, Адам Ұлы — тіпті Демалыс күнінің Иесі+”.

Сілтемелер

Матай деп те аталады.