Миха 5:1—15
5 “Шабуылдың астында қалған қыз,Сен өзіңді тілгілеп жатырсың.
Бізді жау қоршауға алды+.
Олар таяқпен Исраил биінің бетінен ұруда+.
2 Уа, сен, Бетлехем-Ефрата+,Яһуда қалаларының* ішіндегі ең кішісі болсаң да,Сенен менің атымнан Исраилге билеуші болатын біреу шығады+,Оның бастауы көне заманнан, бұрынғы күндерден.
3 Сондықтан босанатын әйел туғанға дейін,Құдай өз халқын тастап кетеді.
Билеушінің қалған бауырлары Исраил халқына оралады.
4 Ол тұрып, отарды Ехобаның құдіретімен+,Құдайы Ехобаның есімінің даңқымен бағатын болады.
Олар қауіпсіз өмір кешеді+,Өйткені оның ұлылығы жердің түкпір-түкпіріне дейін жетеді+.
5 Ол тыныштық алып келеді+.
Ассириялықтар елімізге басып кіріп, бекініс мұнараларымызды таптаса+,Біз оған қарсы жеті бағушыны, тіпті адам баласынан сегіз әміршіні шығарамыз.
6 Олар семсердің жүзімен Ассирия елін+,Кіреберістерінде Нымрод+ елін бағатын болады.
Ассириялықтар елімізге басып кіріп, жерімізді таптағанда,Билеуші бізді солардың қолынан құтқарады+.
7 Жақыптың тамтығы көптеген халықтар арасындаЕхобадан келген шық іспетті,Көк шөпке жауатын жауын сияқты болады.
Бұл екеуі адамға тәуелді емес,Адам баласын күтіп отырмайды.
8 Жақыптың тамтығы ұлттардың арасында,Көптеген халықтардың ішіндеОрман аңдарының арасындағы арыстандай,Отар ішіндегі жас арыстандай болады,Араларынан өтіп бара жатып, оларға тап береді де, паршалап тастайды,Ешкім оларды құтқара алмайды.
9 Сендер дұшпандарыңды жеңесіңдер,Жауларыңның бәрі жойылады”.
10 “Сол күні,— дейді Ехоба,—Мен аттарыңды құртып, соғыс арбаларыңды қиратамын.
11 Елдеріңдегі қалаларды жойып,Бекіністеріңнің бәрін ойрандаймын.
12 Айналысып жүрген бақсы-балгерлігіңді құртамын,Араларыңда сиқыршылардың бірі де қалмайды+.
13 Ойып жасалған мүсіндерің мен тас бағаналарыңды талқандаймын,Бұдан былай өз қолдарыңмен істеген нәрселерге тағзым етпейсіңдер+.
14 Араларыңдағы ағаш бағаналарыңды түбімен қоса жұлып+,Қалаларыңды жермен-жексен қыламын.
15 Маған мойынсұнбаған халықтарданАшуым мен қаһарыма мініп, кек аламын”.
Сілтемелер
^ Немесе “әулеттерінің”.