Миха 6:1—16

  • Ехобаның Исраилге қарсы сот ісі (1—5)

  • Ехоба нені талап етеді? (6—8)

    • Әділдік, адалдық пен қарапайымдылықты (8)

  • Исраилдің кінәсі мен жазасы (9—16)

6  Өтінемін, Ехобаның айтып жатқанын тыңдаңдар,Тұрыңдар да, шағымдарыңды таулардың алдында айтыңдар,Төбелер де дауыстарыңды естісін+.   Уа, таулар, тыңдаңдар, Ехоба сот ісін бастамақ,Сендер де, жер негіздері, құлақ салыңдар+. Себебі Ехоба өз халқымен соттасып,Исраилге мынадай айып тағады+:   “Халқым, мен саған не істедім? Қалай сені қалжыраттым+? Маған қарсы куәлік бер.   Мен сені Мысыр жерінен алып шықтым+,Құлдықтың үйінен азат еттім*+. Алдарыңда Мұсаны, Харон мен Мәриямды+ жүргіздім.   Уа, халқым, Моаб патшасы Балақтың не ойластырғанын+,Беғор ұлы Балағамның оған не жауап бергенін+ есіңе алшы. Ехобаның әділ істерін білулерің үшін,Шиттимнен+ Ғылғалға+ дейін қандай жайттар орын алғанын еске түсірші”.   Ехобаның алдына не алып келейін? Көктегі Құдайға тағзым еткенде, не ұсынайын? Оның алдына түгел өртелетін құрбандықтармен,Бір жылдық торпақтармен келейін бе+?   Ехоба мыңдаған қошқарға,Он мыңдаған өзен болып аққан майға риза бола ма+? Шығарған бүлігім үшін тұңғыш ұлымды,Жасаған күнәм үшін перзентімді бағыштайын ба+?   Уа, адам, ол саған ненің жақсы екенін айтты ғой. Ехоба сенен нені талап етеді? Әділ әрекет еткеніңді+, адалдықты жоғары бағалағаныңды*+,Құдайыңның жолында қарапайым+ болып жүргеніңді ғана емес пе+?!   Ехоба қалаға қарай дауыстайды,Даналығы барлар оның есімінен қорқатын болады. Жазалайтын таяққа және оны тағайындағанға ден қойыңдар+. 10  Зұлымның үйінде арамдықпен жиналған байлық,Жеркенішті әрі кішірейтілген өлшеуіш ыдыс* әлі бар ма? 11  Таразым жейтін болса,Дорбамда жалған кіртас жатса, қалай таза боламын+? 12  Қала байларының айналысатыны — зорлық-зомбылық,Тұрғындарының айтатыны — өтірік+. Ауыздарынан шығатыны — қулық-сұмдық+. 13  “Ендеше, мен сені ұрып-соғып, жарақаттаймын+,Күнәларың үшін қаңыратып бос қалдырамын. 14  Тамақ жейсіңдер, бірақ тойынбайсыңдар,Аш құрсақ болып жүресіңдер+. Заттарыңды тығасыңдар, бірақ сақтай алмайсыңдар,Ал сақтай алғандарыңды жауларыңа беремін. 15  Тұқым себесіңдер, бірақ ормайсыңдар,Зәйтүн сығасыңдар, бірақ майын қолданбайсыңдар. Жаңа шарап жасайсыңдар, бірақ дәм татпайсыңдар+. 16  Омридің нұсқауын ұстанып,Ахаб үйінің бар ісін қайталадыңдар+,Солардың ақыл-кеңесімен жүрдіңдер. Сол үшін сені адам шошырлық күйге түсіремін,Тұрғындарыңды көргендер таңғала ысқыратын болады+,Сондай-ақ жұрттың табасына қаласыңдар+”.

Сілтемелер

Немесе “құн төлеп азат еттім”.
Немесе “мейіріммен және адалдықпен сүйгеніңді”.
Сөзбе-сөз “ефа”. 1 ефа 22 л-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.