Мұсаның 1-жазбасы 15:1—21
15 Осыдан кейін Ыбырам аян алып, Ехобаның келесі сөздерін естіді: “Қорықпа+, Ыбырам. Мен сенің қалқаныңмын+. Сенің алатын сыйың аса зор болады+”.
2 Сонда Ыбырам былай деді: “Әлемнің Әміршісі Ехоба, маған қандай сый бермексің? Менің әлі ұлым жоқ, үйімді дамаскілік Елиезер+ мұра етпек”.
3 Сосын: “Маған ұрпақ+ бермедің, сондықтан мұрагерім үйімдегі қызметшім болмақ”,— деп қосты.
4 Ехоба оған: “Сенің мұрагерің бұл адам емес, өз ұлың болады+”,— деді.
5 Сөйтіп, Құдай оны сыртқа шығарып: “Аспанға қарап, жұлдыздарды санашы. Сен оларды санай алар ма екенсің?!”— деді. Бұдан соң оған: “Сенің ұрпағың осынша көп болады+”,— деді.
6 Ыбырам Ехобаға сенді+. Сондықтан Құдай оны әділ* деп санады+.
7 Әрі қарай ол: “Мен Ехобамын. Сені осы жерді иемденсін деп халдейлердің Ур қаласынан алып шыққан менмін+”,— деді.
8 Сонда Ыбырам: “Әлемнің Әміршісі Ехоба, осы жерді иемденетінімді қалай білемін?”— деп сұрады.
9 Құдай оған: “Маған үш жасар бір сиыр, үш жасар бір ешкі, үш жасар бір қошқар және бір кептер мен жас көгершін әкел”,— деді.
10 Ыбырам айтылғандардың бәрін әкеліп, оларды ортасынан қақ бөліп, бөліктерді бір-біріне қарама-қарсы қойды*. Бірақ құстарды екіге бөлмеді.
11 Сойылған малдың етіне жыртқыш құстар қона бастады, Ыбырам оларды қуып отырды.
12 Күн ұясына бата бастағанда, Ыбырам қатты ұйқыға кетті. Түсінде оны қорқынышты қара түнек орады.
13 Құдай Ыбырамға былай деді: “Мынаны біліп қой, сенің үрім-бұтағың бөтен елде жатжерліктер ретінде тұрып, сол жерде 400 жыл бойы құл болып, қасірет шегеді+.
14 Бірақ мен оларды құл еткен халықты соттаймын+. Содан кейін үрім-бұтағың сол елден мол дүние-мүлікпен көшіп шығады+.
15 Ал сен ұзақ ғұмыр кешкен соң, тыныштықта көз жұмып, ата-бабаларыңа қосыласың*+.
16 Сенің үрім-бұтағың осында төртінші ұрпағында оралады+. Өйткені аморлықтардың өз күнәлары үшін жазаланатын уақыты әлі келген жоқ+”.
17 Күн батып, айналаны қою қараңғылық басты. Сонда түтіні бұрқыраған ошақ пайда болды да, бір лаулаған от қарама-қарсы жатқан мал бөліктерінің ортасынан өте шықты.
18 Сол күні Ехоба Ыбыраммен келісім жасап+, былай деді: “Мысыр өзенінен ұлы өзенге, Евфрат өзеніне+, дейін созылып жатқан бұл жерді сенің үрім-бұтағыңа беремін+,
19 яғни кендіктердің+, кеназдықтардың, кадмондықтардың,
20 хеттіктердің+, перездіктердің+, рефаимдердің+,
21 аморлықтардың, қанахандықтардың, гергестіктер мен ебустіктердің+ жерін беремін”.
Сілтемелер
^ Яғни Құдайдың талаптарына сай өмір сүретін адам.
^ Сол заманда сойылған мал бөліктерін екі жаққа қойып, арасынан өту келісім жасасудың рәсімі болған.
^ Бұл — өлімді білдіретін бейнелі сөз.