Мұсаның 1-жазбасы 28:1—22
28 Содан Ысқақ Жақыпты шақырып алып, батасын берді де, былай деп бұйырды: “Сен өзіңе әйелді Қанахан қыздарынан алма+.
2 Падан-Арамдағы нағашы атаң Бетуелдің үйіне бар да, әйелді нағашы ағаң Лабанның қыздарынан ал+.
3 Құдіреті шексіз Құдай саған батасын беріп, үрім-бұтағыңды сансыз көбейтіп, сенен көп халық таратады+.
4 Құдай Ыбырайымға уәде еткен батасын+ саған және сенің үрім-бұтағыңа төгеді, сөйтіп, Ыбырайымға берген әрі өзің жатжерлік ретінде тұрып жатқан осы жерді иемденетін боласың+”.
5 Осыны айтып, Ысқақ Жақыпты аттандырды. Ол Падан-Арамға, арамейлік Бетуелдің ұлы Лабанның үйіне қарай жол тартты+. Лабан Жақып пен Есаудың анасы Рабиғаның ағасы+ еді.
6 Есау Ысқақтың Жақыпқа бата бергенін және әйел алу үшін Падан-Арамға жіберіп жатып: “Әйелді Қанахан қыздарынан алма”+,— деп бұйырғанын естіді.
7 Жақып ата-анасының айтқанына мойынсұнып, Падан-Арамға кетті+.
8 Бұдан Есау әкесі Ысқақтың Қанахан қыздарын жақтырмайтынын білді+.
9 Сонда ол Ысмағұлға* барып, әйелдерінің үстіне Набайоттың қарындасы Махалатты алды. Ол Ыбырайымның ұлы Ысмағұлдың қызы еді+.
10 Жақып Бер-Шебадан шығып, Харанға қарай бет алды+.
11 Біраз жүрген соң, күн ұясына батты. Сондықтан ол келген жерінде түнемек болып, сондағы тастардың бірін алды да, басына жастанып+,
12 ұйқыға кетті. Түсінде жерден көкке дейін жетіп тұрған баспалдақты* көрді. Онымен Құдайдың періштелері жоғары шығып, төмен түсіп жүр екен+.
13 Ал баспалдақтың жоғарғы жағында Ехоба тұрды. Ол былай деді: “Мен атаң Ыбырайымның және әкең Ысқақтың Құдайы Ехобамын+. Өзің жатқан осы жерді саған және сенің ұрпағыңа беремін+.
14 Ұрпағыңды жердегі құм қиыршықтарындай көбейтемін+. Үрім-бұтағың шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке тарайды. Сенің ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық халықтарға батам қонады+.
15 Мен саған жар боламын, қайда барсаң да, сені қорғап жүремін, әрі сені осы жерге қайтып әкелемін+. Берген уәдемді орындамайынша, сені жалғыз қалдырмаймын+”.
16 Жақып ұйқысынан оянып: “Шынымен де, Ехоба осы жерде екен, мен мұны білмеппін”,— деді.
17 Ол қорқып кетіп: “Неткен қастерлі жер! Бұл Құдайдың үйі емей, немене+?! Бұл — аспан қақпасы ғой”,— деді+.
18 Содан Жақып таңертең ерте тұрып, басына жастанған тасты ескерткіш ретінде тік тұрғызып, үстіне май құйды+.
19 Кейін бұл жерді Бетел* деп атады. Бұған дейін ол қала Лұз деп аталатын+.
20 Содан соң Жақып серт беріп: “Егер Құдай маған жар болып, сапарымда мені қорғап жүрсе, жеуге нан мен киерге киім берсе
21 және әкемнің үйіне аман-есен оралсам, бұл Ехобаның шынымен менің Құдайым екенін көрсеткені болады.
22 Сонда ескерткіш ретінде қойған осы тас Құдай үйі болады+. Сондай-ақ, уа, Құдайым, маған сыйлағандарыңның бәрінің оннан бір бөлігін өзіңе беремін!”— деді.