Мұсаның 2-жазбасы 24:1—18

  • Халықтың келісімді қабылдауы (1—11)

  • Мұса Синай тауында (12—18)

24  Содан кейін Құдай Мұсаға: “Харон, Надап, Әбиху+ және Исраилдің 70 ақсақалымен бірге тауға көтеріліп, Ехобаға алыстан тағзым етіңдер.  Тек сен ғана Ехобаға жақында, қалғандары жақындамасын. Халық саған еріп тауға көтерілмесін+”,— деді.  Мұса қайтып келіп, Ехобаның барлық сөздері мен заңдарын халыққа жеткізді+. Сонда олар бірауыздан: “Ехобаның айтқандарының бәрін де орындаймыз!”+— деді.  Мұса Ехобаның сөздерін түгел жазып қойды+. Сосын таңертең ерте тұрып, тау етегінде құрбандық орнын тұрғызды және Исраилдің 12 руының санына қарай 12 ескерткіш тас орнатты.  Бұдан кейін ол исраилдік жас жігіттерді жұмсады. Олар өртелетін құрбандықтар және татулық құрбандығы+ ретінде бұқалар әкеліп, Ехобаға ұсынды.  Мұса құрбандық қанының жартысын ыдыстарға құйып, жартысын құрбандық орнына бүркіді.  Сосын келісім кітабын* алып, жұртқа дауыстап оқып берді+. Олар: “Ехобаның айтқандарының бәрін орындап, оған мойынсұнамыз!”+— деді.  Сонда Мұса қанды алып, халыққа бүркіді+ де: “Бұл қан — өздерің естіген сөздер бойынша Ехобаның сендермен жасасқан келісім қаны”+,— деді.  Кейіннен Мұса, Харон, Надап, Әбиху мен Исраилдің 70 ақсақалы жоғары көтеріліп, 10  Исраилдің Құдайын көрді+. Оның аяғының астына жақұтқа ұқсайтын, ашық аспандай мөлдір нәрсе төселген екен+. 11  Ол Исраил басшыларына еш зақым келтірген жоқ+. Олар аянда Құдайды көріп, сол жерде ішіп-жеді. 12  Ехоба Мұсаға: “Тауға менің қасыма көтеріліп, сол жерде бол. Мен саған заңдар мен бұйрықтар жазылған тас тақташалар беремін. Оларды халыққа үйрету үшін жаздым+”,— деді. 13  Сонда Мұса мен қызметшісі Ешуа+ тауға қарай бет алды. Бірақ Құдайдың тауына Мұсаның өзі ғана көтерілді+. 14  Кетерінде ол ақсақалдарға: “Біз қайтып келгенше осында күтіңдер+. Харон мен Хұр қастарыңда болады+. Егер біреуде қандай да бір мәселе туындаса, соларға жүгінсін+”,— деп айтты. 15  Мұса тауға шыққанда, оның басын бұлт торлап тұрған еді+. 16  Синай тауы+ Ехобаның ұлылығына бөленіп тұрды+. Тау басы алты күн бойы бұлтқа оранып, жетінші күні бұлт ішінен Құдай Мұсаға тіл қатты. 17  Сырттан бақылап тұрған исраилдіктерге Ехобаның ұлылығы тау басынан лаулаған от сияқты көрінді. 18  Бұдан кейін Мұса бұлт ішіне кіріп, тау басына көтерілді+. Ол 40 күн, 40 түн бойы сонда болды+.

Сілтемелер

Бұл кітапта М2ж 20:22—23:33 тармақтардағы заңдар жазылса керек.