Мұсаның 2-жазбасы 26:1—37

  • Киелі шатыр (1—37)

    • Шатыр жабындары (1—14)

    • Жақтаулар мен тұғырлар (15—30)

    • Шымылдық пен перде (31—37)

26  Киелі шатырға+ жақсылап иірілген зығырдан, көк және ал қызыл жіптен, иірілген күлгін жүннен 10 мата тоқы. Оларға керубтердің+ бейнесін кестеле+.  Әр матаның ұзындығы 28, ені 4 шынтақтан* болсын. Осылай барлығының көлемін бірдей ет+.  Маталарды бес-бестен қатарластыра біріктіріп, екі жабын жаса.  Осы екеуін өзара біріктіру үшін әрқайсысының бір жақ жиегіне көк жіптен баулықтар істе.  Екі жабынның бірігетін жиектеріндегі баулықтардың саны елу-елуден болсын әрі бір-біріне тұспа-тұс келсін.  Алтыннан 50 ілмек жасап, солармен екі жабынды біріктір. Сонда шатыр біртұтас жабынмен жабылатын болады+.  Сондай-ақ шатырға ешкі түбітінен+ 11 мата тоқы+.  Әрбір матаның ұзындығы 30, ені 4 шынтақтан болсын. Осылай 11 матаның көлемін бірдей ет.  Бес матаны өз алдына, алтауын өз алдына біріктіріп, екі жабын жаса. Алтауынан құралған жабынның алтыншы бөлігін шатырдың алдыңғы жағынан қайырып қой. 10  Екі жабынды біріктіру үшін, біріншісінің бір жақ жиегіне 50 баулық, екіншісіне де дәл солай 50 баулық жаса. 11  Сосын мыстан 50 ілмек істеп, баулықтарға іл де, жабындарды біріктір. Осылай олар біртұтас жабын болады. 12  Осы жабынның ұзындау бөлігі, яғни бір матаның жартысы, шатырдың артқы жағынан түсіп тұрсын. 13  Жабынның екі шетінен бір-бір шынтақтан артылған бөлігі де төмен салбырап, шатырдың екі жанын жауып тұрсын. 14  Бұған қоса, шатырға арнап қызыл түске боялған қой терісінен және оның үстінен жабатын итбалық терісінен жабын жаса+. 15  Қараған ағашынан жақтаулар*+ жаса да, оларды қатарынан тұрғызып, шатырдың қабырғасын істе+. 16  Әр жақтаудың биіктігі 10, ені 1,5 шынтақ болсын. 17  Олардың әрқайсысының табанына қатар тұратын екі кішкене аяқ жаса. 18  Шатырдың оңтүстікке қараған жағына қоятын 20 жақтау істе. 19  Сосын 20 жақтаудың табанына қоятын ойығы бар 40 күміс тұғыр+ жаса: әр жақтауға қос аяғы ойығына кіріп тұратын екі тұғырдан болсын+. 20  Шатырдың өзге, яғни солтүстікке қараған жағына да 20 жақтау 21  және ойығы бар 40 күміс тұғыр істе: әр жақтаудың табанына екі тұғырдан қойылсын. 22  Шатырдың артқы, яғни батыс жағына 6 жақтау жаса+. 23  Оның артқы бұрыштарына 2 тіреуіш жақтау істе. 24  Тіреуіш жақтаудың екі бүйіріндегі тақтайлары жоғарыдағы бірінші сақина орналасқан жерде түйісу керек. Бұрышта тұратын тіреуіш жақтаудың екеуі де осылай жасалуға тиіс. 25  Осылай артқы жақта барлығы 8 жақтау болсын. Оларға ойығы бар 16 күміс тұғыр, яғни әрбіреуіне екі тұғырдан дайында. 26  Қараған ағашынан шатырдың бір жағындағы жақтаулары үшін 5 сырық+, 27  екінші жағындағы жақтаулары үшін 5 сырық және артқы, яғни батыс жағындағылары үшін 5 сырық жаса. 28  Ал ортадағы сырық жақтаулардың бел ортасынан өтіп, бір басынан келесі басына дейін жететін болсын. 29  Жақтауларды алтынмен қапта+ және сырықтар өткізетін алтын сақиналар жаса. Сырықтарды да алтынмен қапта. 30  Киелі шатырды тауда көрсетілген үлгіге сай жасайтын бол+. 31  Көк және ал қызыл жіптен, иірілген күлгін жүн мен жақсылап иірілген зығырдан шымылдық тоқы+. Оған керубтердің бейнесі кестеленсін. 32  Қараған ағашынан 4 бағана жасап, алтынмен қаптап, алтын ілгіштер орнат. Бағаналар ойығы бар 4 күміс тұғырға тұрғызылып, шымылдықты сол бағаналарға іл. 33  Шымылдықты ілмектердің* тұсына іл де, куәлік сандығын+ соның ішкі жағына кіргізіп қой. Шымылдық Қасиетті бөлме+ мен Ең қасиетті бөлмені+ бөліп тұрады. 34  Ең қасиетті бөлмедегі куәлік сандығының аузын қақпағымен жауып қой. 35  Шымылдықтың сыртқы жағына үстелді, ал оған қарама-қарсы, яғни киелі шатырдың оңтүстік жағына шамдалды+ қой. Үстел солтүстік жақта тұрсын. 36  Киелі шатырдың кіреберісіне көк және ал қызыл жіптен, иірілген күлгін жүн мен жақсылап иірілген зығырдан перде тоқыт+. 37  Пердені ілу үшін қарағаннан 5 бағана жасап, оларды алтынмен қапта. Ілгіштері алтыннан істелінсін. Ал мыстан бағаналарды қоятын ойығы бар 5 тұғыр құйдыр.

Сілтемелер

1 шынтақ 44,5 см-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Бұл шатырдың жабындарын біріктіріп тұрған ілмектер болса керек.