Нақыл сөздер 25:1—28

  • Құпияны ашпау (9)

  • Уақытында айтылған сөз (11)

  • Көршінің үйіне жиі бара берме (17)

  • Жауыңның басына шоқ үй (21, 22)

  • Жақсы хабар салқын судай (25)

25  Бұлар да Сүлейменнің нақыл сөздері+. Оларды Яһуда патшасы Езекияның+ адамдары көшіріп, жинақтаған.   Құдайдың даңқы — құпияны сақтағаны+,Патшалардың даңқы — істі жан-жақты зерттегені.   Аспанның заңғар биік, жердің терең екеніндей,Патшаның жүрегіндегісін білмес ешкім түгелдей.   Күмісті балқытып, қоспадан тазарт,Сонда ол тап-таза болып шығар+.   Зұлымды патшаның алдынан әкет,Сонда тағы оның әділдікпен нығаяр+.   Патшаның алдында өз-өзіңді дәріптеме+,Ұлықтардың арасынан орын алма+,   Өйткені төренің алдында жер болғанша+,Патшаның саған: “Жоғары шық”,— дегені артық.   Соттасып дауласуға асықпа,Кейіннен қарсыласың масқара қылса, қайтесің+?   Одан да қарсыласыңмен мәселеңді талқыла+,Бірақ құпияда айтылғанды* ашушы болма+. 10  Әйтпесе тыңдаушың ұялтар сені,Таратқан өсегіңді қайтара алмассың кері. 11  Уақытында айтылған сөзКүміс табаққа салынған алтын алмадай+. 12  Тыңдайтын құлаққа дана түзетушіАлтын сырға мен саф алтыннан жасалған әшекей іспетті+. 13  Орақ кезіндегі мұздай қар* секілді,Жіберген адал хабаршысыҚожайынының жанын сергітеді+. 14  Бермейтін сыйына мақтанатын адамҚұрғақ жел мен жаумас бұлтқа ұқсайды+. 15  Шыдамдылықпен басшыны көндіруге, Жұмсақ тілмен сүйекті сындыруға болады+. 16  Бал тапсаң, шамаңа қарай же,Артық жеп қойсаң, құсып тастарсың+. 17  Көршіңнің үйіне жиі бара берме,Әйтпесе сенен мезі боп, жек көріп кетер. 18  Біреуге қарсы жалған куәлік берген адам+ Сойыл, семсер және үшкір жебе іспетті. 19  Қиын шақта үміт арту сенімсіз* адамғаҰқсар сынық тіс пен ақсақ аяққа. 20  Қайғырған жүрекке ән айтқан адам+ Ұқсайды суық күнде киімін шешкен,Сілтіге* сірке суын құйған жанға. 21  Жауың ашықса, жейтін нан бер,Шөлдесе, ішетін су бер+. 22  Осылай оның басына қызып тұрған шоқ үйесің*+,Ехобаның батасына кенелесің. 23  Солтүстік жел нөсер әкелер,Өсекші тіл бетке ашу шығарар+. 24  Ұрысқақ әйелмен бір үйде тұрғанша,Үй төбесінің бір бұрышында тұрған артық+. 25  Алыс жерден келген жақсы хабар+ Шаршаған жанға берген салқын судай болар. 26  Зұлымның ырқына көнген әділ адамЛайланған бұлақ пен қираған құдыққа ұқсайды. 27  Балды тым көп жеу пайдалы емес+,Өзіне даңқ іздеу абырой әкелмес+. 28  Өз-өзіне ие бола алмайтын жанҰқсайды қалаға қабырғасы қираған+.

Сілтемелер

Немесе “өзгелердің құпиясын”.
Таудан әкелінген қарға нұсқап тұрса керек.
Мүмкін: “опасыз”.
Немесе “содаға”.
Бұл әрекет қатуланып тұрған адамды жұмсартып, жүрегін жібітуді білдіреді.