Нақыл сөздер 28:1—28

  • Заңды тыңдамайтынның дұғасы жеркенішті (9)

  • Күнәсін мойындаған рақым көрер (13)

  • Баюға асыққан кінәсіз қалмайды (20)

  • Түзету жағымпаздықтан артық (23)

  • Қолы ашық адам жоқшылық көрмес (27)

28  Зұлым ешкім қумаса да қашар,Әділ адам арыстандай батыл болар+.   Елде заң тапталса*, билеуші тұрақтамас+,Парықты да білікті кеңесшінің көмегімен ол ұзақ тұрар+.   Бейшараларды алдап тонайтын кедей+ Бар азықты шайып кететін жаңбыр сияқты.   Заңды бұзғандар зұлымды дәріптейді,Ал заңды ұстанатындар оларға ызаланады+.   Зұлымдар әділетті ұқпайды,Ехобаны іздейтіндер бәрін түсінеді+.   Арам жолмен жүрген байдан гөріМінсіз жүрген кедей артық+.   Түсінігі бар бала заңды ұстанар,Мешкейлермен достасқан әкесін ұятқа қалдырар+.   Дәулетін пайда көздеп, өсім алумен көбейткен+, Онысын кедейге қамқор болғанға жинар+.   Заңға құлақ асқысы келмейтінніңТіпті дұғасы да жеркенішті+. 10  Шыншылды адастыратын адам қазған орына өзі түсер+,Ал кінәратсыз жан игілікке кенелер+. 11  Бай адам өзін данышпан санар+,Ал парықты кедей оның шын болмысын көрер+. 12  Әділдер жеңіске жетсе, салтанат орнар,Зұлымдар үстемдік етсе, халық тығылар+. 13  Күнәларын жасырған өркендемес+,Ал мойындап, оларды тастаған рақым көрер+. 14  Әрдайым сақ жүрген жан бақытты,Жүрегін қасарыстырған апатқа ұшырайды+. 15  Бейшара халықты билеген зұлым әміршіАқырған арыстан мен тап берген аюға ұқсар+. 16  Парықсыз көсем билігін теріс қолданар+,Ал арам пайданы жек көретін жан өмірін ұзартар+. 17  Кісі өліміне жауапты көрге түскенше қашқын болар+,Болмасын ешкім оны қолдар. 18  Мінсіз жүрген жан аман болар+,Қисық жолда жүрген кенеттен құлар+. 19  Жерін өңдегеннің наны мол болады,Бос нәрсеге ұмтылған жоқшылықтан көз ашпайды+. 20  Адал жан мол батаға кенеледі+,Баюға асыққан кінәсіз қалмайды+. 21  Адамды алалау жақсы емес+;Пенде бірүзім нан үшін де жамандықтан тайынбас. 22  Қызғаншақтың* есіл-дерті байлық болар,Түбінде жоқшылық көретінінен ол бейхабар. 23  Жағымпаздан гөрі түзетуші+ Соңында көбірек көрер құрметті+. 24  “Қылмыс емес” деп әке-шешесін тонаушы+Қарақшылардың серіктесі+. 25  Ашкөз адам* араздық туғызар,Ехобаға арқа сүйеген өрге басар+. 26  Өз-өзіне сенімді адам ақымақ+,Даналыққа жүгінетін жан аман жүрер+. 27  Кедейлерге қолы ашық жоқшылық көрмес+,Оларға көз жұматын көп қарғысқа ұшырар. 28  Зұлымдар үстемдік етсе, жұрт тығылар,Олар жойылса, әділдер көбейер+.

Сілтемелер

Немесе “бүлік шықса”.
Немесе “ашкөздің”.
Мүмкін: “тәкаппар жан”.