Нақыл сөздер 31:1—31
31 Лемуел патшаның сөздері. Бұл — оған анасының насихаттаған ұлағатты сөздері+.
2 Саған не айтсам екен, балам,Құрсағымнан шыққан ұлым,Ант беріп тапқан балам+?
3 Күш-қайратыңды әйелдерге жұмсама+,Патшаларды күйрететін жолға түспе+.
4 Уа, Лемуел, лайық емес патшаларға,Жараспас патшаларға шарап ішу,Билеушілерге “Ішімдік қайда?” деп айту+.
5 Әйтпесе олар ішіп алып, заңды ұмытар,Бейшаралардың құқығын таптар.
6 Ішімдікті өлім аузында жатқандарға+,Шарапты жаны күйзелгендерге бер+.
7 Олар ішіп, жоқшылығын ұмытсын,Қайғы-қасіретін есіне алмасын.
8 Үндей алмайтындарды жақтап сөйле,Өмірі қыл үстінде тұрғандардың құқығын қорға+.
9 Сөзін сөйлеп, әділ сотта,Бейшара мен кедейлердің мүддесін қорға+.
א [Алеф]*
10 Жақсы* әйелді кім таба алар+?
Ол маржаннан да бағалы болар.
ב [Бет]
11 Күйеуі оған толықтай сенім артады,Ешқандай игіліктен құр қалмайды.
ג [Гимел]
12 Өмір бойы күйеуіне оның жасарыЖамандық емес, жақсылық қана болады.
ד [Далет]
13 Ол жүн мен зығыр тауып келеді,Өз қолымен қуана еңбек етеді+.
ה [Хе]
14 Сауда кемелері сияқты+,Азық-түлігін алыстан тасиды.
ו [Вав]
15 Таң атпай ерте тұрады,Үй ішін тамақтандырады.
Күңдерін де үлесінен қақпайды+.
ז [Заин]
16 Танапты мұқият таңдап, сатып алады,Еңбектеніп* жүзімдік отырғызады.
ח [Хет]
17 Ауыр жұмысқа белін бекем буады+,Білек сыбанып кіріседі.
ט [Тет]
18 Саудасының жүріп жатқанын көреді,Шамы да түнде сөнбейді.
י [Йод]
19 Ұршығын қолына алады,Иірген жібін білікке орайды+.
כ [Каф]
20 Мүсәпірлерге оның алақаны кең,Кедей-кепшікке қолы ашық+.
ל [Ламед]
21 Қар түскенде ол үй ішін уайымдамайды,Өйткені бәріне жылы* киім кигізеді.
מ [Мем]
22 Төсегіне жапқыш жасайды,Зығыр мата мен күлгін жүннен киім киеді.
נ [Нун]
23 Күйеуі оның танымал қала қақпасында+,Отырады ел ақсақалдарының арасында.
ס [Самех]
24 Ол зығыр матадан киім тігіп, сатады,Белбеу жасап, саудагерлерге өткізеді.
ע [Аин]
25 Ол күш пен салтанатқа бөленеді,Болашаққа сеніммен қарайды.
פ [Пе]
26 Аузынан даналық шығады+,Тілінде мейірімділік заңы* бар.
צ [Цади]
27 Үй шаруасын мұқият бақылайды,Жалқаулық дегенді білмейді+.
ק [Коф]
28 Балалары тұрып, аналарын бақытты дейді,Күйеуі де оны мақтайды:
ר [Реш]
29 “Жақсы* әйелдер көп-ақ,Бірақ сен бәрінен де асып түстің”.
ש [Шин]
30 Әсемдік алдамшы, өткінші сұлулық та+,Ал Ехобадан қорқатын әйел лайық мақтауға+.
ת [Тав]
31 Беріңдер оған бейнетінің зейнетін+,Істері үшін қақпа алдында мадақталсын+.
Сілтемелер
^ Осы тармақтан бастап акроөлең, яғни еврей әліпбиі бойынша жазылған.
^ Немесе “пысық; керемет”.
^ Немесе “өз табысынан”. Сөзбе-сөз “өз қолының жемісінен”.
^ Сөзбе-сөз “қос қабатты”.
^ Немесе “сүйіспеншілікпен тәлім беру; айнымас сүйіспеншілік заңы”.
^ Немесе “пысық; керемет”.