Нақыл сөздер 4:1—27
4 Балаларым, әке тәрбиесіне құлақ асыңдар+,Түсінікке ие болу үшін ден қойыңдар.
2 Өйткені пайдалы ақыл-кеңес беремін,Бас тартпаңдар+ менің тәлімімнен*.
3 Өзім де әкемнің жақсы ұлы болғанмын+,Анамның ерекше жақсы көретін баласы едім+.
4 Әкем маған былай үйрететін:
“Сөзімді жүрегіңде мықтап сақта+,Өсиеттерімді орындап, ұзақ ғұмыр кеш+.
5 Даналыққа кенел, түсінікке ие бол+,Айтқандарымды ұмытпа, олардан ауытқыма.
6 Даналықты тастама, ол сені қорғайды,Оны жақсы көр, сені аман сақтайды.
7 Ең маңыздысы — даналық+, соған қол жеткіз,Басқаларына қоса, түсінікке де ие бол+.
8 Оны жоғары бағала, мәртебеңді өсірер+,Құшағыңнан шығарма, абыройыңды асырар+.
9 Ол басыңа әдемі гүлдесте кигізер,Әсем тәж іспетті көркіңді келтірер”.
10 Тыңда, балам, айтқанымды қабыл ал,Сонда өмір жасың ұлғаяр+.
11 Сені даналықтың жолымен жетелеймін+,Шыншылдықтың жолымен алып жүремін+.
12 Жүргенде, ештеңе бөгет болмайды,Жүгіргенде, ештеңеге сүрінбейсің.
13 Тәлім-тәрбиені берік ұстап, одан ажырама+,Оны сақта, ол — сенің өмірің+.
14 Зұлымдардың жолына түспе,Жамандардың соқпағымен жүрме+.
15 Одан қашып, жолама+,Кері бұрылып, аулақ кет+.
16 Олар жамандық жасамайынша, ұйықтамайды,Біреуді құлатпайынша, көз ілмейді.
17 Олар зұлымдықтың нанын жейді,Зорлық-зомбылықтың шарабын ішеді.
18 Әділдің* жолы таң шапағы іспетті,Тал түс болғанша жарқырай түседі+.
19 Зұлымның жолы қараңғы түнектей,Ол не нәрсеге сүрініп құлайтынын білмейді.
20 Балам, сөздеріме ден қой,Айтқандарыма мұқият құлақ түр.
21 Олардан көз жазба,Жүрегіңнің түкпірінде сақта+.
22 Себебі оларды тапқандар өмірді иемденер+,Он екі мүшесі сау болар.
23 Бәрінен де бұрын сақта+ жүрегіңді,Өйткені ол — өмірдің қайнар көзі.
24 Тіліңнен жалған сөз шықпасын+,Аузың қулық-сұмдыққа бармасын.
25 Көзің тура алдыңа қарасын,Назарың тек алда болсын+.
26 Жүретін жолыңды тегісте*+,Сонда нық басып жүресің алға.
27 Оңға да, солға да бұрылма+,Жаман жолға аяқ баспа.
Сілтемелер
^ Немесе “заңымнан”.
^ Яғни Құдайдың талаптарына сай өмір сүретін адамның.
^ Мүмкін: “мұқият бақыла”.