Нехемия 11:1—36
-
Иерусалимге қайта қоныстану (1—36)
11 Халық басшылары Иерусалимде тұрып жатты+. Ал қалған жұрттың әрбір оныншысы Иерусалимде, қасиетті қалада, тұру үшін жеребе тастап+ таңдалды, тоғызы болса басқа қалаларда тұра берді.
2 Сондай-ақ Иерусалимге өз еріктерімен көшіп келгендер де болды. Халық оларға оң батасын берді.
3 Иерусалимге келіп қоныстанған басшылар мыналар: (Қалған исраилдіктер, діни қызметкерлер, леуіліктер, ғибадатхана қызметшілері*+, Сүлейменнің қызметшілерінің ұрпақтары+ Яһуданың басқа қалаларында, әрқайсысы өз қаласындағы иеліктерінде тұрып жатты+.
4 Иерусалимде яһуда мен бениямин руынан кейбір адамдар да тұрды.) Яһуда руының басшыларынан: Атаях (ол Ұзияхтың, Ұзиях Зәкәрияның, Зәкәрия Амарияхтың, Амариях Шафатияхтың, Шафатиях Мақалалелдің ұлы, ал Мақалалел Парестің әулетінен+),
5 Мағасеях (ол Барухтың, Барух Қолхозенің, Қолхозе Хазаяхтың, Хазаях Адаяхтың, Адаях Жохарибтің, Жохариб Зәкәрияның ұлы, ал Зәкәрия Шелах әулетінен).
6 Парестің әулетінен Иерусалимде 468 адам тұрып жатты. Олардың бәрі епті кісілер еді.
7 Бениямин руының басшыларынан: Саллу+ (ол Мешуламның, Мешулам Жохедтің, Жохед Педаяхтың, Педаях Қолаяның, Қолая Мағасеяхтың, Мағасеях Итиелдің ұлы, Итиел Ешаяхтың ұлы),
8 одан кейін Ғаббай мен Саллай, барлығы — 928 адам.
9 Олардың бақылаушысы Зихридің ұлы Жоел, ал қаланың екінші бақылаушысы Сенуах ұлы Яһуда болды.
10 Діни қызметкерлерден: Жохариб ұлы Едаях, Яхин+,
11 Сераях (ол Хелкияның, Хелкия Мешуламның, Мешулам Садықтың, Садық Мераяттың, Мераят Құдай үйінің басқарушысы болған Ахитұптың ұлы+),
12 олардың Құдай үйінде жұмыс істеп жатқан ағайындары, барлығы — 822 адам; Адаях (ол Ерохамның, Ерохам Пелалияхтың, Пелалиях Әмзидің, Әмзи Зәкәрияның, Зәкәрия Пашхурдың+, Пашхур Малхияхтың ұлы),
13 сондай-ақ оның әулетбасы болып табылатын ағайындары, барлығы — 242 кісі; Амашай (ол Азарелдің, Азарел Ағзайдың, Ағзай Мешлемоттың, Мешлемот Имердің ұлы),
14 сондай-ақ оның ағайындары, барлығы — 128 кісі. Олар мықты әрі ержүрек адамдар болатын. Олардың бақылаушысы атақты әулеттен шыққан Забдиел еді.
15 Леуіліктерден: Шемаях+ (ол Хашуптың, Хашуп Азриқамның, Азриқам Хашабияхтың, Хашабиях Бунидің ұлы);
16 леуілік басшылар Шабетай+ мен Жозабад+, бұлар Құдай үйінің сырттағы істеріне жауапты болды;
17 Матаниях+ (ол Миханың, Миха Забдидің, Забди Асаптың+ ұлы), ол мадақтау әнінің жетекшісі, дұға кезінде Құдайға мадақ айтушы болатын+; Бақбұқиях, ол бауырларының ішінде екіншісі еді; Абда (ол Шаммуаның, Шаммуа Ғалалдың, Ғалал Едутунның+ ұлы).
18 Қасиетті қаладағы леуіліктердің барлығы — 284 адам.
19 Қақпа күзетшілерінен: Ақұп, Талмон+ және оның қақпа күзеткен ағайындары. Барлығы — 172 адам.
20 Қалған исраилдіктер, діни қызметкерлер мен леуіліктер Яһуда жеріндегі басқа қалаларда, әрқайсысы өзінің мұралық жерінде, тұрып жатты.
21 Ғибадатхана қызметшілері+ Опелде тұрды+. Оларға бақылаушы етіп Зиха мен Гишпа тағайындалды.
22 Иерусалимдегі леуіліктердің бақылаушысы етіп Ұзи тағайындалды, ол Банидің, Бани Хашабияхтың, Хашабиях Матанияхтың+, Матаниях Миханың ұлы, ал Миха Асаптың ұрпағынан, олар әншілер еді. Ұзи Құдайдың үйіндегі жұмысқа жауапты болды.
23 Әншілерге қатысты патша жарлығы шығып+, олар арнайы шара бойынша күнделікті қажеттіліктерімен қамтамасыз етіліп тұрды.
24 Яһуда ұлы Зарахтың ұрпағы Мешезабелдің ұлы Петақия патшаның халық мәселесі бойынша кеңесшісі еді.
25 Елді мекендер мен соларға қарасты* жерлер: яһуда руынан бірсыпыра адам Кирият-Арба+ мен оған қарасты қалаларда, Дибон мен оған қарасты қалаларда, Екапсеил+ мен оған қарасты елді мекендерде,
26 Ешуада, Моладахта+, Бет-Пәлетте+,
27 Хасар-Шуалда+, Бер-Шеба мен оған қарасты қалаларда,
28 Секелагта+, Мекона мен оған қарасты қалаларда,
29 Ен-Римонда+, Сорада+, Ярмұтта,
30 Заноахта+, Адоллам мен оларға қарасты елді мекендерде, Лахиш+ пен оған қарасты жерлерде, Әзек+ пен оған қарасты қалаларда тұрды. Олар Бер-Шебадан Бен-Хенном аңғарына+ дейінгі өлкеге қоныстанды.
31 Бениямин руының адамдары Гебада+, Миқмаста, Гайда, Бетел+ мен оған қарасты қалаларда,
32 Анатотта+, Нобта+, Ананияда,
33 Хасорда, Рамақта+, Гиттаимде,
34 Хадидте, Себоимда, Небалатта,
35 Лодта, Онода+, ұсталар аңғарында тұрып жатты.
36 Бұрын яһуда руының жерінде тұрған леуіліктердің кейбір топтары бениямин руының жеріне қоныстанды.