Салоникалықтарға 1-хат 1:1—10
1 Мен, Пауыл, қасымда Силуан*+ мен Тімөте+ бар, Құдай Әке және Иеміз Иса Мәсіхпен бірліктегі салоникалықтардың қауымына жазып отырмын.
Құдай сендерге рақымы мен тыныштығын сыйласын!
2 Біз бәрің үшін дұға етіп, Құдайға алғыс айтып жүрміз+.
3 Өйткені біз сендердің сеніммен істеген істеріңді, сүйіспеншілікпен атқарған ауыр еңбектерің мен Иеміз Иса Мәсіхке деген үміттеріңнің+ арқасында танытып жатқан табандылықтарыңды Құдай Әкеміздің алдында үнемі есімізде ұстаймыз.
4 Құдай сүйген бауырластар, біз оның сендерді таңдап алғанын білеміз.
5 Себебі ізгі хабарды уағыздағанда, оны сендерге сөзбен ғана емес, құдіретпен, киелі рухпен әрі зор сенімділікпен жеткіздік. Сендердің игіліктерің үшін қалай әрекет еткенімізді өздерің де білесіңдер.
6 Көптеген қиындықтарға+ қарамастан, сендер Құдай сөзін киелі рух сыйлаған қуанышпен қабылдадыңдар. Осылай бізге және Иемізге еліктеп+,
7 Македония мен Ахаядағы сенушілердің бәріне үлгі болдыңдар.
8 Сендерден Ехобаның* сөзі Македония мен Ахаяға ғана тарап қойған жоқ, Құдайға деген сенімдерің туралы барлық жерге жайылды+, сондықтан біздің бірдеңе айтуымыздың қажеті де жоқ.
9 Өйткені олардың өздері сендермен алғаш кездескеніміз жайлы және сендердің қалай пұттардан бас тартып+, Құдайға бет бұрғандарың жайлы айтып жүр. Сендер тірі де шынайы Құдайдың құлы болу үшін
10 және оның Ұлының көктен келуін күту+ үшін оған бет бұрған едіңдер. Құдай өлімнен қайта тірілткен Иса бізді оның төніп келе жатқан қаһарынан құтқарады+.