Самуилдің 1-жазбасы 30:1—31
30 Үш күннен кейін Дәуіт адамдарымен Секелагқа+ жетті. Сөйтсе, амалектіктер+ оңтүстікке* және Секелагқа шапқыншылық жасап, қаланы өртеп жіберіпті.
2 Ал қаладағылардың бәрін — әйелдерді де+, кәрі-жасты да тұтқындапты. Ешкімді өлтірмепті, оларды өздерімен алып, жөндеріне кеткен екен.
3 Дәуіт пен адамдары қалаға келгенде, оның өртелгенін, ал әйелдері мен ұл-қыздарының тұтқынға әкетілгенін көрді.
4 Сонда жұрт бар дауыстарымен жылай бастады. Олар бойларында қауқар қалмағанша жылады.
5 Дәуіттің екі әйелі, езрехелдік Ахиноғам мен Набалдың жесірі кармилдік Әбигел де тұтқындалыпты+.
6 Жұрт бала-шағасының тұтқынға әкетілгеніне қатты ашынып, Дәуітті таспен атқылап өлтіретінін айтты. Сондықтан оның жаны қысылып, қиналды. Бірақ Құдайы Ехобаның арқасында бойына қайта күш-қайрат бітті+.
7 Дәуіт Ахимәліктің ұлы діни қызметкер Әбиятардан+ ефодты әкелуді өтінді+. Ол әкелгенде,
8 Дәуіт Ехобадан: “Тонаушыларды қуайын ба? Мен оларға жете аламын ба?”— деп сұрады+. Құдай оған: “Соңдарына түс! Оларды қуып жетіп, бәрін құтқарып аласың!”— деп жауап берді+.
9 Дәуіт қасындағы 600 адамымен+ дереу жорыққа аттанды. Олар Босор өзен аңғарына келгенде, жігіттерінің кейбірі сонда қалып қойды.
10 Қатты шаршағандықтан 200 жігіті Босор өзен аңғарынан өте алмады+. Сөйтсе де ол қалған 400 адамымен тонаушыларды қуа берді.
11 Жолшыбай олар жапан түзде жатқан бір мысырлық жігітті тауып алып, Дәуітке әкелді. Олар оған нан мен су,
12 сондай-ақ кептірілген інжір күлшеден үзіп берді, мейіз күлшеден де екеуін ұсынды. Жігіт үш тәулік бойы тамақ та, су да ішпеген екен. Ол жүрек жалғап, әлденіп алған соң,
13 Дәуіт одан: “Кімсің? Қайдан боласың?”— деп сұрады. Жігіттің жауабы мынау болды: “Мен мысырлықпын, бір амалектік кісінің құлымын. Ауырып қалғандықтан қожайыным үш күн бұрын тастап кетті.
14 Біз кереттіктер+ жерінің оңтүстігі мен Яһуда жеріне және Халептің+ оңтүстігіне шапқыншылық жасадық, ал Секелагты өртеп жібердік”.
15 Дәуіт: “Мені сол тонаушыларға бастап апарасың ба?— деп сұрап еді, жігіт: —Мені өлтірмеймін, қожайынымның қолына бермеймін деп, Құдайдың атымен ант етсеңіз, бастап апарамын”,— деді.
16 Сонымен, жігіт оларды ертіп апарды. Амалектіктер болса әр жерге шашырай орналасып, філістірлер мен Яһуда жерінен көп олжа түсіргендерін тойлап, ішіп-жеп жатыр екен.
17 Дәуіт олармен таң бозарғаннан қара кешке дейін шайқасып, түйелеріне мініп қашып құтылған 400 жігіттен басқасының бәрін қырып тастады+.
18 Ол амалектіктер әкеткеннің бәрін де, өзінің екі әйелін де қайтарып алды+.
19 Үлкен де, кіші де — ештеңе жоғалмапты. Олар ұл-қыздарын да, олжаларын да қайтарып алды+. Дәуіт бәрінің орнын толтырды.
20 Бұған қоса, Дәуіт тонаушылардың ірілі-ұсақты малын да олжалады. Жігіттері: “Бұл — Дәуіттің олжасы”,— деп, оларды өз малдарының алдына салып айдап әкетті.
21 Содан Дәуіт Босор өзен аңғарында қалдырып кеткен 200 адамына келді. Қатты шаршағандықтан жорыққа бара алмай қалғандар+ алдарынан шыққанда, Дәуіт олардан амандық сұрады.
22 Бірақ жорыққа барғандардың арасындағы арамза, оңбаған адамдар: “Олар бізбен барған жоқ, сондықтан қайтарып алған олжадан үлес алмайды. Тек әйел, бала-шағасын алсын да, жөндеріне кетсін”,— деді.
23 Бұған Дәуіт: “Бауырларым, бұлай етпеңдер! Мұның бәрін бізге Ехоба берді ғой. Ол бізді қорғап, тонаушыларды қолымызға түсірді+.
24 Бұларыңмен кім келіседі? Шайқасқа барғандардың үлесі жүктің қасында қалғандардікімен бірдей болсын+. Бәрі де олжадан үлес алады+!”— деді.
25 Сол күннен бастап Дәуіт мұны Исраилде ереже әрі заң етіп бекітті. Бұл күні бүгінге дейін сақталып келеді.
26 Секелагқа келген соң, Дәуіт Яһуда еліндегі өзіне дос ақсақалдарға түскен олжадан сый жіберіп: “Мынау — Ехобаның жауларынан түскен олжадан сыбаға”,— деген сәлем жолдады.
27 Оның сый жіберген жерлері мыналар еді: Бетел+, Негевтегі Рамот, Ятир+,
28 Арогер, Сифмот, Ештемоға+,
29 Рахал, ерахмелдіктердің+ қалалары, кендіктердің+ қалалары,
30 Хорма+, Борашан, Атах,
31 Хеброн+ және өзі адамдарымен барып жүрген басқа да жерлер.
Сілтемелер
^ Немесе “Негевке”.