Тімөтеге 1-хат 5:1—25

  • Жас пен кәріге қалай қарау керектігіне қатысты кеңес (1, 2)

  • Жесірлерге қолғабыс ет (3—16)

    • Адам өз отбасының қамын ойлау керек (8)

  • Ауыр еңбек ететін ақсақалдар құрметке лайық (17—25)

    • “Асқазаның үшін аздап шарап іш” (23)

5  Ескерту жасағанда, жасы үлкен кісіге қатты сөйлеме+, қайта, өз әкеңдей көр, жас жігіттерді ініңдей,  жасы үлкен әйелдерді анаңдай көр, ал қыз-келіншектерге қарындасыңдай пәк тазалықпен қара.  Шынымен мұқтаждық көріп жүрген жесірлерге қамқорлық көрсет+.  Егер жесір әйелдің балалары не немерелері болса, бұлар алдымен өз үй ішінде Құдайға шын берілгендік танытуды+ және әке-шешесі мен ата-әжесінің алдындағы борышын өтеуді үйренсін+, өйткені бұл Құдайға ұнамды+.  Шынымен мұқтаждық көріп жүрген, ешкімі жоқ жесір әйел бар үмітін Құдайға артып+, оған күні-түні жалбарынып, дұға етумен болады+.  Ал ләззат-ермекке беріліп өмір сүретін жесір әйел тірі жүргенмен, өлі.  Сондықтан олар кінәратсыз болулары үшін, осы нұсқауларды үнемі айтып тұр.  Туыстарының, әсіресе үй ішінің, қамын ойламайтын адам сенімнен бас тартқан, ол Құдайға сенбейтін адамнан да жаман+.  Жасы алпыстан асқан, күйеуіне адал болған* жесір әйелді тізімге тіркеуге болады. 10  Оның балалары жақсы тәрбиеленген+, ал өзі қонақжайлылық таныту+, қасиеттілердің аяқтарын жуу+, қиналғандарға көмектесу+, өзін игі істерге арнау сияқты жақсы істерімен танымал болу керек+. 11  Ал жастай жесір қалған әйелдерді бұл тізімге тіркеме. Өйткені жыныстық құштарлықтары Мәсіхке деген қызметтеріне кедергі болса, олар тұрмыс құрғылары келеді. 12  Сөйтіп, алғашқы уәделерінен айнып, өздерін айыпталуға душар етеді. 13  Сонымен қатар уақытты бос өткізіп, үй-үйді аралауды әдетке айналдырады. Бос жүргендерімен қоймай, өсек тасып, өзгенің ісіне араласып+, айтпау керек нәрселерді айтады. 14  Сондықтан қарсыластарымыз мін тақпауы үшін, жас жесірлердің күйеуге шығып+, балалы болып+, үй шаруасымен айналысқанын қалаймын. 15  Кейбіреулері тура жолдан тайып, Шайтанның жетегіне еріп те кетті. 16  Егер сенуші әйелдің жесір қалған туыстары болса, қауымға ауыртпалық салмай, оларға өзі көмектессін. Сонда қауым шынымен мұқтаждық көріп жүрген жесірлерге көмектесе алады+. 17  Жақсы басшылық ететін ақсақалдар+, әсіресе Құдай сөзін айтып, тәлім беруде аянбай еңбек ететіндер+, екі есе құрметке лайық+. 18  Себебі Жазбаларда “Астық бастырып жүрген бұқаға тұмылдырық кигізбе!”+ және “Жұмысшы өз ақысын алуға лайық”+ делінген ғой. 19  Егер екі не үш куәгер болмаса, ақсақалға қарсы айтылған айыпқа құлақ аспа+. 20  Қалғандарына ескерту болу үшін, күнә жасай беретіндерді өзгелердің алдында+ түзет+. 21  Құдайдың, Мәсіх Исаның және таңдаулы періштелердің алдында мынаны мықтап ескертемін: осы нұсқауларды біржақты болмай, алаламай орында+. 22  Біреудің үстіне қол қойып тағайындауда асығыстық жасама+, өзгелердің күнәсіна ортақтасып жүрме, жүріс-тұрысың пәк таза болсын. 23  Асқазаның үшін және жиі ауыратындықтан бұдан былай тек су ішпей, аздап шарап та іш. 24  Кейбіреулердің күнәлары бәріне белгілі болып, бірден айыпталады. Ал өзге біреулердікі кейінірек айқын болады+. 25  Сол сияқты, игі істер де бәріне белгілі болады+, белгілі болмағандары да жасырын қала алмайды+.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “бір ғана күйеуі болған”.