Уағыздаушы 11:1—10

  • Мүмкіндікті жіберме (1—8)

    • Наныңды суға ағыз (1)

    • Тұқымыңды таңертеңнен кешке дейін сеп (6)

  • Жастық шақта жауапкершілікті сезін (9, 10)

11  Наныңды суға ағыз+, себебі көп күннен кейін оны қайта табасың+.  Өзіңде барды жеті, тіпті сегіз адаммен бөліс+, өйткені жер бетінде қандай апат болатынын білмейсің.  Бұлттар суға толса, жерге нөсерлеп жауын жауар. Ағаш күнгейге не теріскейге құласа, сол құлаған жерінде жата берер.  Жел баққан тұқым сеппес, бұлт аңдыған өнім жинамас+.  Жүкті әйелдің құрсағындағы баланың сүйектерінде рухтың қалай әрекет ететінін білмейтініңдей+, бәрін жасайтын Құдайдың да істерін білмейсің+.  Тұқымыңды таңертең сеп, кешке дейін де қолың тыным таппасын+. Өйткені қайсысының өніп шығатынын: анауы ма, мынауы ма, әлде екеуі де ме — мұны білмейсің.  Жарық жағымды, көздің күн нұрын көргені де қандай ғанибет!  Егер адам көп жасаса, әрбір күніне қуансын+. Бірақ ол қараң күндердің де көп болатынын ұмытпасын. Алдағы күндердің бәрі — бос әурешілік+.  Уа, бозбала, жастық шағыңда қуан; жас күніңде жүрегің шаттыққа толсын. Жүрегің қалаған, көзің көрген нәрсені істе. Бірақ осының бәрі үшін Құдай алдында жауап беретініңді біліп жүр+. 10  Сондықтан мазалайтын нәрселерді жүрегіңнен аластат, зиянды нәрселерді тәніңе жолатпа. Себебі жастық кез бен албырт шақ — бос әурешілік+.

Сілтемелер