Уағыздаушы 3:1—22

  • Әр нәрсенің өз уақыты бар (1—8)

  • Өмір — Құдайдың сыйы (9—15)

    • Адам жүрегіне мәңгілік салынды (11)

  • Құдай бәрін әділ соттайды (16, 17)

  • Адам да, жануар да ақыры өледі (18—22)

    • Барлығы қайтадан топыраққа айналады (20)

3   Әр нәрсенің өз уақыты бар,Аспан астындағы әрбір істің өз уақыты бар:   Туылатын уақыт, өлетін уақыт,Егетін уақыт, егілгенді жұлатын уақыт,   Өлтіретін уақыт, сауықтыратын уақыт,Бұзатын уақыт, соғатын уақыт,   Жылайтын уақыт, күлетін уақыт,Зар еңірейтін уақыт, би билейтін уақыт,   Тас лақтыратын уақыт, тас жинайтын уақыт,Құшақтайтын уақыт, құшаққа алмайтын уақыт,   Іздейтін уақыт, жоғалды деп санайтын уақыт,Сақтайтын уақыт, лақтыратын уақыт,   Жыртатын уақыт+, біріктіріп тігетін уақыт,Үндемейтін уақыт+, сөйлейтін уақыт+,   Сүйетін уақыт, жек көретін уақыт+,Соғысатын уақыт, татуласатын уақыт.  Ендеше бар бейнетінен жұмысшыға не пайда+? 10  Мен Құдайдың адам баласына артып қойған қам-қарекетін көрдім. 11  Ол бәрін өз уақытында тамаша* етіп жаратты+. Ол тіпті адамның жүрегіне мәңгілікті салды. Бірақ олар Құдайдың ісін бастан-аяқ ұға алмайды. 12  Адам үшін өмірде қуанудан және жақсылық жасаудан артық ештеңе жоқ екенін түсіндім+. 13  Сондай-ақ әрбір адам ішіп-жеп, еңбегінің жемісіне қуансын. Бұл — Құдайдың сыйы+. 14  Құдайдың барлық ісі мәңгіге қалатынын білдім. Оларға ештеңе қосылмайды да, алынбайды да. Құдай бұны адамдар өзінен қорықсын деп істеді+. 15  Болып жатқандар бұрын да болған, болашақта болатындар да болып қойған+. Құдай қудаланғандар үшін игілік іздейді*. 16  Сондай-ақ жарық күн астында келесі жайтты байқадым: әділет орнына заңсыздық, әділдік орнына зұлымдық жүреді екен+. 17  Сонда мен іштей: “Құдай әділді де, зұлымды да соттайды+, өйткені әрбір істің, әрбір әрекеттің өз уақыты бар”,— дедім. 18  Мен іштей тағы: “Құдай адам баласын тексеріп, олардың жануарларға ұқсас екенін көрсетпек”,— деп ойладым. 19  Себебі адам баласымен не болса, жануармен де сол болады+. Адамның өлетініндей, жануар да өледі, екеуінің де бойындағы өмір күші* бірдей+. Осылайша адамның жануардан артықшылығы жоқ. Өйткені бәрі — бос әурешілік. 20  Барлығы бір жерге барады+. Барлығы топырақтан жаратылды+, барлығы қайтадан топыраққа айналады+. 21  Адамның өмір күші жоғарыға көтеріле ме, ал жануардікі төменге, жерге түсе ме — кім біледі+? 22  Адам үшін еңбегінің жемісіне қуанудан артық ештеңе жоқ екенін көрдім+, өйткені бұл — оның сыйы. Өлген соң, оған болып жатқан жайттарды кім көрсете алар дейсің+?!

Сілтемелер

Немесе “жақсы үйлескен; орынды; лайықты”.
Мүмкін: “өтіп кеткенді іздейді”.
Сөзбе-сөз “рух”.