Філіпіліктерге 4:1—23

  • Бірлік, қуаныш, таза ой (1—9)

    • Еш нәрсені уайымдамаңдар (6, 7)

  • Сыйлары үшін філіпіліктерге алғыс айту (10—20)

  • Сәлем жолдау (21—23)

4  Сонымен, бауырластарым, сендерді жақсы көремін, сағынып та жүрмін. Менің қуанышым әрі тәжім сендерсіңдер+. Қымбаттыларым, жаңа ғана айтып кеткенімдей, Иемізбен байланыстарыңда берік тұрыңдар+!  Еуодияны да, Синтихені де Иеміздің жолында жүргендер ретінде бір ойда болуға шақырамын+.  Иә, өзімнің адал серіктесім ретінде сенен де өтінемін, сол әйелдерге көмектесші. Олар Клемент және есімдері өмір кітабына жазылған+ басқа да қызметтестеріммен қосыла, менімен бірге ізгі хабар үшін иық тіресе күресті.  Әрдайым Иемізге қуаныңдар! Тағы да айтамын, қуаныңдар+!  Сендердің есті* екендеріңді+ жұрттың бәрі көретін болсын. Иеміз жақын.  Еш нәрсені уайымдамаңдар+, барлық өтініштеріңді дұға етіп, жалбарынып, ризашылықпен Құдайға білдіріңдер+.  Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан тыныштығы+ жүректерің+ мен ой-саналарыңды Мәсіх Иса арқылы сақтайды.  Сонымен, бауырластарым, күллі шынайы да көңіл қоюға лайық, әділ де таза, сүйіспеншілік оятатын, жылы лебіз айтылатын, игі әрі мақтауға тұратын нәрселер жөнінде үнемі ойланыңдар+.  Менен нені үйреніп, нені қабылдасаңдар, нені естіп, нені көрсеңдер — соны іске асыра беріңдер+. Сонда тыныштықтың Құдайы сендерге жар болады. 10  Тағы да менің қамымды ойлай бастағандарыңа Иеміздің қызметшісі ретінде қатты қуанамын+. Сендер бұрын да менің қамымды ойлағансыңдар, бірақ мұны көрсетуге мүмкіндіктерің болмады. 11  Бұны мұқтаждық көргендіктен айтып тұрған жоқпын, мен қандай жағдайда болмайын қолда барға қанағат етуді үйрендім+. 12  Мен жоқшылықта да+, молшылықта да өмір сүрудің не екенін білемін. Барлық жағынан әрі барлық жағдайда тоқ жүрудің не аш жүрудің, молшылықта не мұқтаждық көріп өмір сүрудің құпиясын біліп алдым. 13  Себебі маған күш-қуат берушінің арқасында бәрін де істей аламын+. 14  Сөйтсе де қиын шақта маған көмектесіп, жақсы істедіңдер. 15  Філіпіліктер, мынаны да білесіңдер: сендер ізгі хабарды алғаш естігеннен кейін, мен Македония өлкесінен кеткенімде, өздеріңнен басқа ешбір қауым маған көмектеспеді, көмегімді де қабылдамады+. 16  Салоникада болған кезімде де сендер маған екі рет қажетімді жібердіңдер. 17  Жоқ, сендерден сый-тарту дәметіп отырған жоқпын, қайта, игі істерің көбейіп, молынан пайда көргендеріңді қалаймын. 18  Менде керегімнің бәрі бар, тіпті жетіп артылады. Енді ештеңеге мұқтаж емеспін, өйткені Епафродит+ арқылы жібергендеріңді алдым. Олар хош иісті+, Құдайға ұнамды әрі жағымды құрбандық іспетті. 19  Ал зор байлықтың иесі — менің Құдайым болса Мәсіх Иса арқылы сендердің қажеттеріңнің бәрін толықтай қамтамасыз етеді+. 20  Құдай Әкеміз мәңгі бақи даңқтала берсін! Аумин. 21  Мәсіх Исамен байланыстағы қасиеттілердің бәріне менен сәлем айтыңдар. Қасымдағы бауырластар да сендерге сәлем жолдауда. 22  Барлық қасиеттілер, әсіресе патша* сарайындағылар+, сәлем айтып жатыр. 23  Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы жақсы рух танытып жүрген сендермен бола берсін!

Сілтемелер

Немесе “иліккіш, бейімделгіш”.
Сөзбе-сөз “цезарь”.