Шежірелер 1-жазба 5:1—26

  • Рубеннің үрім-бұтағы (1—10)

  • Ғадтың үрім-бұтағы (11—17)

  • Ажарлықтарды жаулап алу (18—22)

  • Манасаның жарты руы (23—26)

5  Исраилдің тұңғышы Рубен+ болды. Ол тұңғыш ұл болғанмен, әкесінің төсегін арамдағаны үшін+, оның тұңғыштық жолы Исраил ұлы Жүсіптің ұлдарына берілді+. Сондықтан Рубен шежіре жазбасына тұңғыш ұл ретінде тіркелмеді.  Яһуда+ бауырларының арасындағы ең жақсысы болатын, әрі сол рудан көсем шықты+. Сөйтсе де тұңғыштық жолы оған емес, Жүсіпке берілді.  Исраилдің тұңғышы Рубеннің ұлдары мыналар: Ханох, Палу, Хесрон, Қарми+.  Жоелден Шемаях туды, одан Гог, одан Шимей,  одан Миха, одан Реях, одан Бағал,  одан Бегерах туды. Оны Ассирия патшасы Тиглатпаласар+ жер аударған еді. Бегерах рубендіктердің басшысы болатын.  Оның бауырларының ұрпақтары әулеттері бойынша шежіре жазбасына келесідей тіркелген: әулетбасы Жейел, Зәкәрия және  Бела. Бела Азаздың ұлы, Шеманың немересі, Жоелдің шөбересі еді. Оның әулеті Арогерден+ Небо мен Бағал-Меғонға+ дейінгі аралықты мекендеді.  Ғалақат+ жеріндегі малы көбейіп кеткендіктен, олар шығысқа, Евфрат өзеніне+ қарай созылып жатқан шөл далаға дейін қоныс тепті. 10  Саул патшаның тұсында олар ажарлықтармен соғысып, жеңіске жетті. Содан Ғалақат өңірінің шығысындағы солардың барлық шатырларын иемденіп, сонда тұратын болды. 11  Ғадтың ұрпақтары рубендіктермен көршілес тұратын. Олар Башан жерінен Салкаға+ дейінгі аралықты мекен етті. 12  Башан өңірінің басшысы — Жоел, екіншісі — Шафам, одан кейін Янай және Шафат болды. 13  Олардың әулеттерінен тараған бауырлары мыналар: Микайл, Мешулам, Шеба, Жорай, Яхан, Зия, Ебер — барлығы жетеу. 14  Бұлар Әбихаилдің ұлдары. Әбихаилдің жеті атасы: Хури, Ярох, Ғалақат, Микайл, Ешишай, Яхдо, Буз. 15  Бұл әулеттің басы Әбдиелдің ұлы, Гунидің немересі Ахи еді. 16  Ғадтықтар Ғалақат+ пен Башанға+ және оның қарамағындағы қалашықтарға, сондай-ақ Саронның барлық жайылымының шегараларына дейін қоныстанды. 17  Бұлардың бәрі Яһуда патшасы Жотам+ мен Исраил патшасы Еробоғамның*+ тұсында шежіре жазбасына тіркелген болатын. 18  Рубендіктер мен ғадтықтардың және манаса руының жартысының әскерінде 44 760 мықты сарбаз болды. Олар қалқан мен семсер ұстап, садақ асынған, әрі соғысуға машықтанған жігіттер еді. 19  Осы әскер ажарлықтармен+ және Етур, Нафиш+, Нодабпен шайқасты. 20  Сол кезде олар шайқаста көмектесуін сұрап Құдайға сиынды. Өзіне сенім артқандықтан, Құдай олардың тілегін орындап, ажарлықтар мен солардың жағындағылардың бәрін аяқтарына жығып берді+. 21  Олар жаудың малын: 50 000 түйе, 250 000 қой және 2000 есек олжалады; 100 000 адамды да қолға түсірді. 22  Бірақ жаудың көбісі қырылды, өйткені шынайы Құдайдың өзі шайқасқан еді+. Содан әлгі үш ру өздері тұтқынға айдалғанға дейін+ солардың жерінде тұрды. 23  Манасаның жарты руының+ ұрпақтары өсіп-өніп көбейіп, Башаннан Бағал-Хермонға дейінгі және Сенирден Хермон тауына+ дейінгі аралықта тұрып жатты. 24  Олардың әулетбасылары мыналар: Ефер, Иши, Елиел, Азриил, Еремия, Ходабиах, Яхдиел. Бұл әулетбасылар мықты сарбаздар әрі атақты кісілер болатын. 25  Бірақ олар Құдай алдарынан құртып жіберген сол жердің тұрғындарының тәңірлеріне табынып кетіп*, ата-бабаларының Құдайына опасыздық жасады+. 26  Сондықтан Исраилдің Құдайы Ассирия патшасы Пулдың (яғни Ассирия патшасы Тиглатпаласардың+) жүрегіне ой салды+. Содан ол рубендіктер, ғадтықтар және манаса руының жартысын Халах, Хабор мен Хараның және Ғозан өзенінің аймағына жер аударды+. Олар күні бүгінге дейін сонда тұрып жатыр.

Сілтемелер

Яғни ІІ Еробоғам.
Немесе “тәңірлерімен азғындыққа салынып”.