Шежірелер 2-жазба 17:1—19
17 Аса патшаның орнына ұлы Жосафат таққа отырды+. Жосафат Исраилде өз билігін берік орнықтырды.
2 Ол Яһуданың бекіністі қалаларының бәрінде әскери жасақтар орналастырды. Сондай-ақ бүкіл Яһуда елі мен әкесі Аса басып алған Ефрем қалаларында+ қарауыл топтар қойды.
3 Ехоба Жосафатқа жар болды. Өйткені ол Бағалдарға жүгінбеді, қайта, арғы атасы Дәуіттің+ жолымен жүрді.
4 Жосафат әкесінің Құдайын іздеп+, соның өсиеттерін орындады. Ол Исраил патшаларының істерін+ қайталамады.
5 Ехоба оның қолындағы билікті берік орнықтырды+. Бүкіл Яһуда елі оған сый-тартулар әкеліп тұрды. Осылай ол мол байлық пен зор даңққа ие болды+.
6 Жосафат тайсалмай Ехобаның жолымен жүрді. Ол тіпті Яһуда еліндегі ғибадат төбелері+ мен қасиетті бағаналардың* көзін құртты+.
7 Билік құруының үшінші жылы патша Бенхайылды, Абадия, Зәкәрия, Нетәнел және Михаяны шақыртып алып, оларға Яһуда қалаларында халыққа тәлім беруді тапсырды.
8 Олармен бірге Шемаях, Нетаниях, Забадия, Асахел, Шемирамот, Ехонатан, Адониях, Тобиях, Тоб-Адония атты леуіліктер, сондай-ақ Елишама және Жорам атты діни қызметкерлер+ де жолға шықты.
9 Жіберілгендер Ехобаның Заң кітабын+ алып, Яһуда халқына тәлім бере бастады. Олар бүкіл Яһуда қалаларын аралап, халыққа тәлім беріп жүрді.
10 Яһуда елінің айналасындағы патшалықтардың бәрін Ехобадан келген үрей биледі, сондықтан олар Жосафатпен соғысуға батпады.
11 Філістірлер оған сый-тартулар және алым ретінде ақша әкеліп тұрды. Арабтар да оған алым төлеп, 7700 қошқар, 7700 теке айдап әкелетін.
12 Жосафат барған сайын күшейе берді+. Ол Яһуда елінде бекіністі қалалар+ мен азық-түлік сақтайтын қалалар+ салды.
13 Патша Яһуда қалаларында ауқымды жұмыстар жүргізді. Иерусалимде оның ержүрек сарбаздары болды.
14 Олар әулеттері бойынша былай бөлінді: яһуда руынан шыққан мыңбасылардан Адынах 300 000 ержүрек сарбазды+ басқарды.
15 Оның қол астындағы Жоханан 280 000 сарбазды басқарды.
16 Сондай-ақ оның қол астында Ехобаға қызмет етуге ерекше ықыласты Зихри ұлы Амасиях та болды. Ол 200 000 ержүрек сарбазды басқарды.
17 Бениямин+ руынан шыққан мыңбасылардан ержүрек сарбаз Елияда 200 000 сарбазды басқарды; олардың бәрі садақ, қалқандармен жабдықталған еді+.
18 Оның қол астындағы Ехозабад мұздай қаруланған 180 000 сарбазды басқарды.
19 Күллі Яһудадағы бекіністі қалаларға+ қойылған сарбаздарға қоса, бұлар да патшаға қызмет етті.
Сілтемелер
^ Түсіндірмедегі “Қасиетті ағаш бағананы” қараңыз.