Шежірелер 2-жазба 2:1—18
-
Ғибадатхана құрылысына дайындық (1—18)
2 Сүлеймен Ехобаның есіміне арналған үй+ мен өзіне патша сарайын салуға+ бұйрық берді.
2 Ол 70 000 қара жұмысшы*, тауларда тас кесетін 80 000 адам+, сондай-ақ солардың үстінен қарайтын 3600 басқарушы таңдады+.
3 Сосын ол Тир патшасы Хирамға+ сәлем жолдап былай деді: “Әкем Дәуіт өзіне үй салғанда, сіз оған қарағай бөренелерін жіберіп тұрып едіңіз+, маған да солай етсеңіз екен.
4 Міне, мен Құдайым Ехобаның есімін даңққа бөлейтін үй салып, оған бағыштамақпын*. Сол жерде оның алдында хош иісті зат түтетіледі+, үнемі нан тартуы ұсынылады+, сонымен қатар таңертең және кешке+, Демалыс күндері+, Жаңа туған ай+ және Құдайымыз Ехобаға арналған мейрамдар маусымдарында+ түгел өртелетін құрбандықтар шалынатын болады. Бұл — Исраилдің өзгермейтін ережесі.
5 Мен салтанатты үй салғалы жатырмын, өйткені біздің Құдайымыз құдай атаулының бәрінен де ұлы.
6 Оған үй салу кімнің қолынан келеді?! Оны ұшан-теңіз көктің өзі сыйдыра алмайды+! Ендеше, оған тұрақ салатындай мен кіммін сонша? Мен бар болғаны оның алдында құрбандық түтінін түтететін үй салмақпын.
7 Сондықтан маған бір шеберіңізді жіберсеңіз екен. Ол алтын, күміс, мыс+ және темірмен, сондай-ақ күлгін түсті жүн, қырмызы және көк түсті жіппен жұмыс істей алатын, әрі ою оя білетін болсын. Жіберген адамыңыз кезінде әкем Дәуіт таңдаған шеберлермен бірге Яһуда мен Иерусалимде жұмыс істейді+.
8 Маған Ливаннан қарағай, арша+ және сандал*+ ағашының бөренелерін де жіберсеңіз екен. Өйткені сіздің қызметшілеріңіз Ливаннан ағаш кесуге шебер+. Менің қызметшілерім солармен бірге жұмыс істеп+,
9 көптеп бөрене даярлайды. Себебі мен салғалы жатқан үй өте салтанатты болуы тиіс.
10 Ал мен ағаш кесетін қызметшілеріңізді тамақтандыру үшін+ 20 000 кор* бидай, 20 000 кор арпа, 20 000 бат* шарап және 20 000 бат май жіберемін”.
11 Сонда Тир патшасы Хирам Сүлейменге: “Ехоба өз халқын жақсы көргендіктен сені оларға патша етті”,— деп жауап жазды.
12 Әрі қарай ол хатын былай деп жалғады: “Көк пен жерді жаратқан Исраил Құдайы Ехоба мадақталсын! Өйткені ол Дәуіт патшаға дана+, ақылы мен түсінігі мол+ ұл сыйлапты. Сол ұлы енді Ехобаға арнап үй және өзіне патша сарайын салғалы жатыр.
13 Міне, мен саған түсінігі бар, өз ісін жақсы білетін Хирам-Әби+ деген шеберді жіберіп отырмын.
14 Оның анасы Дан ұрпағынан, ал әкесі — тирлік кісі. Алтын, күміс, мыс, темір, тас, ағаш және күлгін түсті жүн, көк түсті жіп, жұқа мата мен қырмызы жіппен жасалатын жұмыстарда оның тәжірибесі мол+. Хирам-Әби әртүрлі оюлар ойып, тапсырылған жұмысты қалай атқарудың жолын таба алады+. Ол сенің шеберлеріңмен және менің тақсыр ием, сенің марқұм әкең Дәуіттің шеберлерімен бірге жұмыс істейтін болады.
15 Ал тақсыр ием уәде еткен бидай мен арпаны, май мен шарапты қызметшілеріне жібере берсін+.
16 Біз Ливаннан қанша қажет болса, сонша ағаш шауып+, сал жасап, теңіз арқылы Иоппеге+ жеткізіп береміз. Әрі қарай өзің Иерусалимге алып кетесің+”.
17 Бұдан кейін Сүлеймен де әкесі Дәуіт істегендей+, Исраилде тұратын жатжерліктердің санағын жүргізді+. Олардың саны 153 600 болып шықты.
18 Сүлеймен олардың 70 000-ын қара жұмысқа*, 80 000-ын тауларда тас кесуге қойды+, ал 3600-і жұмысшылардың үстінен қадағалайтын бақылаушы болды+.
Сілтемелер
^ Немесе “жүк тасушы”.
^ Немесе “киелі етемін”.
^ Жоғары сапалы бұйымдар жасалатын бағалы ағаш.
^ 1 кор 220 л-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
^ 1 бат 22 л-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
^ Немесе “жүк тасуға”.